Шұңғылшадағы жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Шұңғылшадағы жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Мен үшін шұңғылшадан шығатын жағымсыз иістен жаман ешнәрсе жоқ. Біреулер бірден химиялық тазартқыш құралдарды қолдануға асығады. Бірақ көпшілік осындай әрекеттеріміздің арқасында жер асты суы ластанатындығын біле бермейді. Төмендегі үй жағдайында жасалған құралдың көмегімен екі қоянды бір оқпен атуға болады: табиғатқа зияныңыз тимейді, үйіңіз де таза тұрады.

Аталған құралды жасау үшін бізге:

- 1/2 стақан лимон шырыны;

-1/2 стақан су мен 4-5 қап қамыр қопсытқышы (немесе ас содасы) қажет.

Дайындау тәсілі:

1. Лимон шырынын микротолқынды пеште 30 секунд жылытамыз.

2. Үстіне ас содасын немесе қамыр қопсытқышын қосамыз. Аз қайнайтындықтан, абай болыңыз.

3. Қоспаны қасықпен жақсылап араластырамыз.

4. Артынша құбырға құйып, сіңу үшін 10 минут күтеміз.

5. Содан соң шұңғылшаны ыстық сумен жуамыз.

Нәтижесінде үйіміз тазарып қана қоймай, жағымсыз иіс те кетеді. 

Сурет: life.ru

Қ. Бүйенбай