«Maserati»&«Zanotta» компаниялары ұсынған жиһаздар

«Maserati»&«Zanotta» компаниялары ұсынған жиһаздар

Лондонда өткен дизайн фестивалінде «Maserati» компаниясы «Zanotta» жиһаздар студиясымен бірігіп жасаған туындыларымен таныстырды. Бұл таныстыру осыдан бірнеше жыл бұрын бас қосқан екі бренд жұмысының ең үздік нәтижесі болды.


Топтамаға жаңа жиһаз ретінде «Corina» орындығы мен «Maestrale» үстелі кірді. Екі объектіні де Роберто және Людовик Паломба жасап шығарды. Аталған топтаманы шығаруда дизайнерлер «Maserati» көлігінің сыртқы көрінісін пайдаланған екен.


«Corina» орындығының қаптауышы «Maserati» көлігінің салонын еріксіз еске түсіреді. Никельденген болат тіреуіші мен полиуретаннан жасалған материалы оны барынша жұмсақ әрі ыңғайлы етіп көрсетеді. Ал «Maestrale»  үстелінің формысы өте қарапайым, әрі тік. Болат каркасты каналетто жаңғағы толықтырып тұр.


Болат үстел жылжымалы жәшікпен жабдықталған. Аталған орындық пен үстел қыркүйек айының соңында сатылымға шығады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.kz

Қ. Бүйенбай