- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Баян Есентаеваның күйеуі...
Баян Есентаеваның күйеуі кім?
Көбіне іскер әйелдер жеке өмірінде бақыт таппай, ажырасып, не мүлде тұрмыс құрмай қалып қойып жатады. Шетелдік жұлдыздарды былай қойғанда, қазақстандық жұлдыздардың ішінде әйел бақытына ие болған нәзік жандыларымыз өкінішке орай, ілеуде-біреу.
Біз бүгін іскер әйелдердің көш басында жүрген Баян Есентаеваның жеке өміріне үңіліп көрдік.
Баян Есентаева – бүгінде Қазақстан шоу бизнесіндегі ықпалды тұлға. Ол – Айсәуле мен Айару атты екі қыздың анасы. Ал осындай мықты әйелдің күйеуі кім?
"Менің еркектерге қояр талабым өте жоғары. Шексіз жоғары деп айтар едім. Үнемі солай болған да. Менің қасымда сөзінен ісі көп нағыз еркек қана бола алмақ. Дәл осындай адамға осыдан 19 жыл бұрын тұрмысқа шығу бақыты бұйырыпты. Ол туралы сағаттап айта беруге бармын. Ештеңе өзгерткім де келмейді. Өз күйеуім секілді бекзат ер адамды ешқашан кездестірмеген екем. Жолымның болғаны ма, әлде Құдай мені қатты жақсы көре ме, бақытыма орай, осылай болып тұр. Екеуміз көп нәрсені бірге көрдік. Дағдарыс, жанжал... Бәрібір бірге қалдық. Бұл күні соңғы рет қашан ұрсысқанымыз да есімде жоқ", - депті Баян Есентаева сайттардың біріне берген сұхбатында.
Баянның талабынан шыға білген "нағыз еркек" жеке кәсіппен айналысады.
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: instagram.com/bakhytbek_a, instagram.com/yessentayeva_official
Баян Есентаева жаңа сериал түсіреді
"Есентаева Live" – Баянның жаңа жобасы
Р. Роза