Кеңістікті ұтымды пайдалануға 50 идея

Кеңістікті ұтымды пайдалануға 50 идея

Тар бөлмеге көбірек зат сыйдыру үшін қиялыңызды қоссаңыз жеткілікті. Көптеген затты екі қайтара пайдалану арқылы үйдегі бос кеңістіктерді ұтымды пайдаланып, жайлылық пен ыңғайлылықты арттыруға болады.

Түрлі орамдар мен қаптама қағаздарды жинап қою үшін сым тор жасауға болады. Тордың орнына металл тор, ағаш тақтайша немесе электр сымын да пайдаланыңыз.

Шкафтың астыңғы жағына жабыстырылған құтыларда шеге, шаш қыстырғыштар және т.б. ұсақ-түйек заттарды сақтауға болады.

Жұмыс үстелінің артындағы сымдарды офистік қысқыш арқылы қысып, жинастырып қоюға болады.

Тақтай мен дөңгелектерді қосып қойсаңыз, кітаптар, қолөнер, ойыншықтар және т.б. салуға арналған арба жасайсыз.

Қойманың есігінің артқы жағына қораптар іліп, ішіне полиэтилен пакеттерді салып қойсаңыз – біраз жерді босатасыз.

Ыдыс-аяқты кептіруге арналған құрылғыны балалар арт-орталығы ретінде – қағаз, бояу, бор, қарындаштар мен пластилиндерді салу үшін пайдалануға болады.

ПВХ-түтікті шкафтағы қосымша орын ретінде ұйымдастыру. Түтікті серіппені ернеу арқылы ілуге болады. Балалардың киім ілгіші болуға әбден лайық.

Сурет жиектемелерін жіп, бау және сымдарды жинап қоюға пайдаланыңыз. Ыңғайлы әрі әдемі.

Суырмаларға дөңгелектер қадап қойсаңыз оларды төсектің немесе шкафтың астына дөңгелетіп, тығып қоюға болады.

Сым себеттерді шкафтың ішкі қабырғаларына жабыстырып қойып, онда биялай, қолғап, шарф және басқа да аксессуарларды жинап қоя аласыз.

Пластик кәрзеңкені ыдыс-аяқ кептіргіштің бірінші бөлігіне салып, ішінде құтылар мен контейнерлердің барлық қақпақтарын салып қойыңыз.

Дәретхана қағазының орамын сымдар мен кабельдерді жинастыру үшін пайдаланыңыз. Оны лентамен әрлеп қойсаңыз да болады.

Бос қабырғаларды ұтымды пайдалану үшін ернеу немесе карниз қағып, оған себеттерді іліп қойыңыз. Себеттерді ілу үшін S-ілектер немесе лента пайдалансаңыз болады. Онда орамал, ойыншықтар мен құрал-саймандар сақтауға өте қолайлы.

Есіктің үстіндегі қосымша тақта. Бұл ванна, жататын бөлме, гараж немесе балалар бөлмесінде өте пайдалы. Онда аса көп қажет болмайтын, балалардың қолы жетпейтін заттарды сақтауға болады.

Ваннаның сөрелерінің бірін ойып қойып, оған тіс щеткаларын іліп қоюға болады.

Бұл – аяқ-киім салатын органайзерлер. Алайда, олар басқа да заттарды сақтау үшін өте пайдалы. Оларды шкафтың есігіне жабыстырып қойсаңыз, тазартқыш құралдарын, ойыншықтар, тоға, қиықтар және т.б. сақтауға арналған қосымша орын жасайсыз.

Мынау ұялы телефонға арналған қалташа сусабынның бос бөтелкесінен жасалған.

Ағаш тақтайшаға кір қыстырғыштарды шегелеп немесе жабыстырып қойып, белдік, шарф, моншақтарды сақтау үшін пайдаланыңыз. Бұдан өзге, қыстырғыштарға жүзік, алқалар салынған себетті қыстырып қоюға болады.

Душқа арналған ілгектер – сөмкелерді ілу үшін.

Үстелдің астына бекітілген себет – еденде жататын электр сымын жасыру үшін.

Күнделігіңіздің ішкі қабатына конверт жабыстырып қойып, ішіне чектер, визиткалар және т.б. салып қоюға болады.

Жәшіктерден мегасыйымды журнал үстелін жасауға болады. Астына дөңгелектер орналастырып, жылжымалы етуге де болады.

Ас үй жабдықтарын шкафтың ішіндегі плстикалық контейнерлерде сақтаңыз заттар шашылып жатпайды және іздегеніңізді дереу табасыз. Бұл сондай-ақ гараж бен қоймадағы заттарды сақтау үшін де өте пайдалы.

Ескі кітаптардың сыртынан ұсақ-түйектерді салуға арналған қорап жасауға болады. Сыртқы қабырғалары – кітаптың бетінен және екінші жағынан жасалады. Онда көзден жасыратын, бірақ қол жетімді болуы тиіс қосымша пультті, батарейкалар, қуаттандырғыштарды сақтауға болады.

Майысқақ сымдардан доптар мен үлкен ойыншықтарға арналған қойма жасауға болады.

Шкафтың ішкі бетіндегі магнит жолақта қыстырғыш, қысқыш, маникюр жабдықтарын сақтауға болады.

Балаларыңыздың кесесіне магнит жабыстырып, балалардың қолы жететін жерге жабыстырып қойыңыз. Осылайша оларды әрдайым алып беріп, жуып беріп отырмайсыз.

Пластикалық бөтелкеден лента салуға арналған құты. Екі бөтелкенің астыңғы бөліктерін біріктіріп, жанынан тілік істеп қойыңыз. Екі бөлікті біріктіру үшін түрлі-түсті резеңкелерді пайдаланыңыз.

Шашқа арналған резеңкелерді жинақтауға арналған карабин. Ілгекті шкафтың ішкі жағына іліп қойсаңыз, іздеп әуре болмайсыз.

Бөлмеге екі жұмыс үстелі сыймаған жағдайда үстелдің дәл ортасына сөре-шкафты орналастырып, ыңғайластыруға болады.

Тумбочканы қабырғаға жабыстырып қойсаңыз, олар биігірек және пайдалануға ыңғайлырақ болады. Сонымен қатар астына заттарды салуға арналған қосымша себет қойып қойсаңыз болады.

Шкафтың ішкі бетіне сөрелерді қағып қойып, ішінде ойындар мен кітаптарды сақтауға болады. Ал қоймада дәумдеуіштер мен үй жабдықтарын саласыз.

Мына пластикалық себеттер арқылы кір киімдерді ұйымдастыруға болады. Отбасының әр адамына бір-бір себеттен тағайындап, киімдерін сонда салуға дағдыға айналдырыңыз.

Аяқ-киімдерді сақтауға сым ілгіштерді пайдаланыңыз. Оларды ілгек сияқты майыстырып, қағаз немесе матамен сәндеп қойыңыз.

Сусын құтысының алюминий қақпағын шкафта киімдерді сақтауға қосымша орын ретінде жасақтауға болады.

Кез келген қораптың ішіне бөлгіштер салып, сымдар мен қуаттандырғыштарды салатын керемет органайзер жасаңыз. Әр бөлік неге арналғанын айқындайтын белгілерді жабыстырып қойыңыз.

Ас үй шкафының ішкі жағына картон жабыстырып, бетіне ленталарды жабыстырып қойсаңыз түрлі дисконт карталар, мәзірлер, ескерткіштер және т.б. салатын қалташалар жасауға болады.

Жабысқақ ілгектерді шкаф есігінің ішкі жағына жабыстырып, қақпақтарды іліп қоюға пайдалануға болады.

Киім ілгіштің астына бұрандаларды орнатып, бижутерияларды сақтауға болады.

Леденцы сияқты тәттілердің қаңылтыр қораптарында ұсақ-түйектерді сақтауға болады.

Шкафтың ішкі бетіндегі тығын тақтай – өнімдер, мәзірлер, өлшем кестелеріне арналған.

Көлікпен жүргенде балалардың ойыншықтары, фломастерлерін салуға арналған пластик жәшіктер.

Балаларыңыздың шығармашылық жұмыстары жер-жерде шашылып жатпасын десеңіз, арт-тақтайша жасасаңыз болады. Ескірген суреттерді жаңасымен алмастыру да оңай.

Ағаш текшелердің арқасында қарапайым үстел көлемді қоймаға айналады.

Аяқ-киім қораптарын комодтың ішіндегі заттарды ыңғайластыру үшін пайдалануға болады.

Контейнер астына жабыстырылатын жабысқақтар жәшікті ашып-жапқанда қозғалмауға мүмкіндік береді.

Сурет: www.blogohoz.ru, bigpicture.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina