- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ас үй техникалары...
Ас үй техникалары
Техниканың заманында тамақ жасаудың да жолын жеңілдету үшін көптеген техникалық құрылғылар ойлап шығарылды. Автоматтандырылған құрылғылар күні-түні ас үйді мекендетпей, тамақ жасау уақытын үнемдейді. Сонымен қатар, көкөністер мен жемістердің пайдалы қасиеттерін жоғалтпай дайындауға тырысады.
1. Ас үй таразысы (Кухонные весы). Тамақты граммына дейін өлшейтін электронды таразы ас үйге қажетті заттардың бірі. Күрделі тағамдарды дайындауда таптырмайтын құрал. Және де оның көмегімен дүкеннен сатып алынған қораптағы тағамдар жайлы көп мәлімет алуға болады.
2. Мультиқайнатқыш (Мультиварка). Бұл ғажайып техника сіз ұйқыдан оянғанғанша каша әзірлеп қоя алады (алдын ала сағатын қою арқылы), күйдірмей бисквит дайындайды, жұмсақ етіп ет пісіреді. Бұл құрылғының көптеген функциялары мен режимдері бар, уақытыңызды үнемдеп, көп тағамды сіздің қатысуыңыз-ақ дайындап шығады.
3. Шырынсыққыш (Соковыжималка). Таңертең тұра салып, таза апельсин шырынын ішкеннен кім бас тартсын? Бұл құрылғының күнделіктіге бір жемісті сығатын түрлерімен қатар, қыс мезгіліне мол шырын дайындайтын агрегат түрлері де бар. Таңдағанда да мұқият болыңыз: жұмсақ (апельсин немесе шабдалы) жемістер мен қатты (сәбіз сияқты) көкөністерді де сыға алатындай болсын және жомы құрғақ болып қалатындай, ал шырынын тегіс, балдыры аз болатындай етіп дайындау керек.
4. Нанпісіргіш (Хлебопечка). Ең бастысы, әрине, қолдан нан пісіргенге таптырмас құрал. Сондай-ақ, ұннан жасалатын көптеген тағам түрлерін пісіреді. Нан илеп, мүшелеп турау, бәрі уақыт алады, ал мына құралдың арқасында ұн мен қажетті заттарды салып, таймерін қосып, дайын бәлішті, нанды суырып алуға болады.
5. Аэрогриль (Аэрогриль). Сыртынан әйнек ыдыс сияқты, ішінде ысытатын зат, былайша айтқанда вентилятор бар. Тағамды пісіру ыстық ауаның циркуляциясы арқылы жүреді. Мұндай құрылғыда ет, тауық, балықтарды пісіруге болады.
6. Вафельпісіргіш (Вафельница). Таңғы асқа қытырлақ вафли мен кофе ішу арман ғой. Ал мұндай вафельдерді плитада тұрып, дайындау көп уақытты алады. Сондықтан вафель сүйгіштерге электровафельница өте қажет нәрсе, әсіресе үйде балалар болса таптырмас құрал. Вафельпісіргіштер де түрлі болады: жұқа вафельдер дайындайтын, қалың, қытырлақ, бисквитке ұқсас деген сияқты. Таңдау өз еркіңізде.
7. Ұзақпісіргіш (Долговарка). Бұл техника ысытатын элемент пен термостаттан тұратын табақ іспеттес, тағамды төменгі температурада (75-150 градуста) ұзақ дайындауға арналған. Былайынша айтқанда, таңертең ет пен көкөністерді турап салып кетесің, кешке келгенде дайын ас күтіп тұрады.
Суреттер:bjyouth.com, megazin.kz, pulpjuicer.com, hlebopechka.ru,
lohovnet.ru, homely.com.ua, informbt.com, woman.ru
A. Mustafina