- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ас үй техникалары...
Ас үй техникалары (жалғасы)
Ас үйге пайдалы техникалармен таныстыруды жалғастырамыз. Басы мына жерде.
8. Ас қалдықтарын майдалағыш. (Измельчитель пищевых отходов). Қорқынышты фильмдердің бұл құрылғысы жуғыштың астына бұралып салынады да, жуғышқа түскен барлық ас қалдықтарын, үгінділерді, не қабықтарды тазартады. Өте ыңғайлы зат, алайда арзан емес. Және де тақтайға жабыстырылған жуынға орнатудан бас тартқан жөн, вибрация кезінде желім босап кетуі мүмкін.
9. Йогурт жасағыш. (Йогуртница). Бұл құрылғы қыздыртқыш тіреуіштен, қақпақ және құтылар жинағынан тұрады. Құтыларға сүт құйылады, ашытқы салынып, таймер қосылады, бірер сағаттан кейін сіз таза йогурт ішіп отырасыз. Йогуртқа ұсақталған жемістерді, шоколад қоссаңыз да болады. Дәмді, пайдалы әрі тиімді. Әсіресе үйде кішкентай балалар болса.
10. Ас дайындау комбайны. (Кухонный комбайн). Әлбетте, өте ыңғайлы – бәрін тез жонады, шайқайды, майдалайды. Батырманы бір бассаңыз болғаны – бір таба винегрет дайын. Бірақ күнделікті пайдалануға ыңғайсыз: оны шығару керек, жинау керек, қосу керек, бір сәбіз бен жарты пиязды кесу, сосын қайта жинау, жуу, орнына қою. Бұның орнына миксер, блендер, үккіштер жинағы көбірек тиімді сияқты.
11. Лапшакескіш (Лапшерезка). Бұл бір ғажап құрылғы лапша кеседі! Қамырды ыңғайлап саласыз да, лапша шығарып аласыз. Кеспе көжені жақсы көретіндерге өте қажет техника.
12. Тілімдеп кескіш (Ломтерезка). Бұл кеміргіш құрылғы нан, шұжық, ірімшік сияқты тағамдарды тура дүкендегідей әдемі тілімдерге бөледі. Қонақ шақырғанда өте ыңғайлы, немесе нанды бірнеше тілімге бөліп, бутерброд жасаймын десеңіз, осы құрылғыны пайдалансаңыз болады.
13. Азық-түлік кептіргіш (Сушилка для продуктов). Бұл техникаға не салсаң да, бәрін кептіріп береді – алма, қызанақ, саңырауқұлақ, ет және т.б. Кептіруге саласың да, температурасын қадағаламайсың, араластыру, аудару да қажет емес.
Суреттер: kuhni-shop.ru, domatv.ru, lady.gazeta.kz, omsktut.ru, gblog.com.ua, sterngotovit.com
A. Mustafina