Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Үйге қажетті 5 құрылғы

Үйге қажетті 5 құрылғы

Үйге қажетті 5 құрылғы

Бар-жоғы бес зат арқылы кеңістікті оңтайлы пайдаланып, үйіңіздің жинақылығын ұйымдастырып, өміріңізді жеңілдетуге болады. Бұл ғажайып бес зат тәртіп сүйетін әр әйел үшін өте қолайлы болмақ.

1. Сақиналы папкалар. Құжаттар мен басқа да қажетті қағаздарды бір жерде сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар:

  • Журнал қиындыларын сақтауға. Журналдан көріп қалған әдемі көйлек, жиһаз, үй түрлері, пайдалы кеңестер, идеялар, тақырыптар және т.б. қиындыларды жоғалтып алмас үшін папкаларға реттестіріп қоюға болады.
  • Талондар мен чектерді сақтауға. Сатып алынған тауарлардың кепілдік талондары мен төленген несиелердің, абоненттік төлемдердің чектерін папканың бір бөлімшесінде сақтаңыз.
  • Оқу, жұмыс қағаздары. Оқуыңыздың немесе жұмысыңыздың барлық қажетті материалын папкаға салып қойыңыз.
  • Ас мәзірлерін сақтауға өте ыңғайлы.

2. Себеттер. Түсі, пішіні мен көлемі әртүрлі болып келетін себет кез келген қажеттілік үшін пайдаланылады. Оларды оңтайлы қолдануға бірнеше идея:

  • киім тігу себеті (жіптер, инелер, қайшы, резеңкелер сақтауға);
  • кітап оқу себеті (көзілдірік, кітап, белгілеп қоюға қойындәптер мен қарындаш);
  • ойыншықтар салуға арналған себет;

Себет сырт көзге әдемі көрінеді, тіпті сөрелерде тұрғанның өзінде олар кеңістікті ыбырсытпай, үй жиһазының сүйкімді элементі болып тұрады.

3. Пластикалық контейнерлер. Ванна, дәретхана және т.б. бөлме заттарын сақтауға қолайлы. Мысалы:

  • кимейтін киімдерді салуға;
  • кір киімдерді салуға;
  • орамал, ванна халатын, су киімдерді салуға;
  • мерекелік әшекейлерді салуға (жаңажылдық әшекейлер, шырша әшекейлері, маскалар және т.б.);

4. Күнделіктер. Жоспарлау мен ұйымдастырудың тамаша құралымен қамданыңыз:

  • оқиғалар мен алда келе жатқан туған күндер, мейрамдарды, жасалатын мәзірлерді жазып жүруге өте ыңғайлы;
  • теледидар, не ноутбук блокноты. Сізді қызықтырған ақпарат, хабарламаларды тез арада жазып алу үшін оны теледидардың жанында сақтаңыз.

5. Сөрелер. Кеңістікті жоспарлау кезінде біз қабырға жайлы ұмытып кетеміз, ал оларды дұрыс пайдалану арқылы қаншама орын босатуға болар еді.

  • сөрелерге кәдесыйлар мен уақ-түйек бұйымшаларды жинастырып қойыңыз – осылайша олар үстелде тұрғаннан қауіпсіздікте болады.
  • марапаттаулар сөресі – ұзын жіңішке сөре көп орын алмайды, бірақ марапаттау, сыйлықтар мен қолөнер бұйымдарыңызға тамаша көрме болары анық.
  • ваннаға арналған сөрелер. Ваннаға әйнек сөрелерді орнату арқылы жуынатын заттарды сақтауға қосымша орын жасайсыз.

Сурет: 2kkomfort.ru, artdeco2011.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

3305 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 14 сәуір 2014, 19:00
Пікірлер
+0
14 сәуір 2014, 20:59

Кейін үйде себеттердің көп болғанын қалар едім

+0
14 сәуір 2014, 23:54

Кушти идея

+0
15 сәуір 2014, 12:10

Бізде мүлдем папкалар жоқ екен

+0
20 сәуір 2014, 23:46

Пайдалы кеңестер екен, тізімнен менде күнделік және пластикалық контейнерлер ғана бар. Ал ашық тұрған сөрелерді өз басым ұнатпайм, ондай жерде ұсақ-түйек, керек, керек емесі, бәрі жиналады. Сосын, сол тек қана сөрелерді жинаудың өзі өте көп уақыт алады. Одан себеттер жақсы сияқты ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...