Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Жаңа терезені өзіңіз орнатыңыз

Жаңа терезені өзіңіз орнатыңыз

Жаңа терезені өзіңіз орнатыңыз

Көктем келіп, ертемен жер сатып алып қойған халық үй салуға кіріседі немесе ескі үйіне жөндеу жұмысын жүргізеді. Ол үйдің іргетасы қаланып, керегесі тұрғызылған соң терезесі мен есігін орнату керек болады. Ал оларды орнататын шеберлер көп ақша алады. Сондықтан ақшаңызды үнемдеп, өзіңізді сынап көруге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз.

Терезе таңдау

1. Жасалуы ерекше болатындықтан, ағаш жақтауы бар терезе таңдаңыз. 

- Қалыңдығы 8,25 сантиметр;

- Мұнымен қатар ағаш жақтауын өзіміз жақсы көретін түспен бояуымызға болады;

- Ағаш жақтауы бар терезенің алюминді қаптамасы болатындықтан, оларды жуу оңай.

2. Винилді терезелер. Бұл материалдан жасалғанына бояу жұқпайды. 

- Олар өте сапалы, ұзақ мерзімге шыдайды;

- Көлемі әртүрлі болып келетіндіктен, мұндайды кіре берістегі бөлмелерге пайдаланған дұрыс.

3. Екі жаққа қарай ашылатын терезе.

- Түрлі тұтқасы бар бұл терезені бізден гөрі шетел көбірек пайдаланады;

- Бірақ бір ғана тұтқасы бар терезені орнату оңай;

4. Ілмекпен орнатылатын терезелерді жертөлеге немесе үйдің шатырына орнатуға болады. Ілмекпен орнатылып, тұтқасының көмегімен ашылып, жабылады.

5. Француз терезелері. Енінен ұзындық өлшемі асып түсетін жерлерге қойылады.

- Оларды «картина тәріздес» терезелер деп атайды;

- Бұл терезенің тұтқасы болмайтындықтан, ашылып, жабылмайды.

Терезені орнатуға кірісейік:

1. Терезенің орнын өлшеңіз.

- Терезе орнатылатын жердегі бөрененің арақашықтығын есептеңіз;

- Терезе алды тақтайынан үстіне дейінгі арақашықтықты өлшеңіз;

- Терезе таңдар кезде ең кіші өлшемдерді пайдаланыңыз.

2. Өлшемдерді толығымен алған соң, терезеге тапсырыс беріңіз.

3. Ескі терезені шеге шығарғыш құралдың көмегімен алыңыз.

4. Терезе орнатылатын аймақты жақсылап тазартыңыз.

- Қуыстың барлығын герметиктің көмегімен бітеңіз;


5. Терезені үйдің ішкі бөлігінен орнатыңыз. Осы кезде терезені көтерісетін көмекші қажет болады.

- Жаңа терезенің қаңқасын терезе алды тақтайдың үстіне қойыңыз.

- Бірінші үстіңгі бөлігін кірістіріңіз.

- Артынша алдыңғы бөлігін шұрыптың көмегімен ұстатыңыз.

6. Терезені қойған соң айналасына көпіршік себіңіз.

Осымен жаңа терезе дайын!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 11 сәуір 2014, 15:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.