Мақтағаныңыз үшін кешірім сұраңыз

Мақтағаныңыз үшін кешірім сұраңыз

Би Шумин (Қытай)

Досым маған мынадай бір істі әңгімелеп берді.

Ол Солтүстік Еуропадағы бір мемлекетте оқып жатқан кезі екен, жұма күні, досым сол жердегі профессордың үйіне амандаса барыпты. Үйде оның бес жастағы қызы бар екен, бұйра сары шашты, көк көзді қыз сүйкімді. Досым Қытайдан ала барған сыйлығын ұсыныпты, қыз күлімсреп рақмет айтыпты, досым қыздың шашын сипап тұрып:

«Балақай, сен сұлу да, сүйкімдеі екенсің», - деп мақтай жөнеліпті.

Профессор қызы шығып кеткеннен кейін, қатқыл түрде: «Сіз қызыма зияныңызды тигіздіңіз, одан кешірім сұрауыңыз керек», - депті. Досым «Мен жақсы көңілмен оны мақтасам, оған сыйлық ұсынсам, қалайша оған зияным тиген болады?» деп ойлап қайран қалыпты.

«Ол сұлу болғаннан соң, сіз оны мақтадыңыз, - депті профессор, - оның сұлулығы оның тырысшаңдығынан болған емес, әке-шешесінен тұқым қуалаудан келген, сіз оны мадақтадыңыз, ол бұны өзінің артықшылығым екен деп қалады, оның үстіне ол өзінің табиғи сұлулығын артықшылығы деген ойға келсе, кейін өңсіздеу балаларды көзге ілмейтін болып қалады, сіз тағы оның рұқсатынсыз шашын сипадыңыз, бұлай істесеңіз, ол әрқандай бейтаныс адам денемді сипаласа болады екен деген ойда болады, бұлай істеу дұрыс емес. Бірақ бұл сөздерімді көңіліңізге алмаңыз, бұдан кейін есіңізде жүрсін, сіз оның күлімсірегенін, әдептілігін мақтасаңыз болады. Бұл өзінің тырысшаңдығының нәтижесі, сондықтан сіз бағана оны мақтағандыңыз үшін кешірім сұрауыңыз керек».

«Кейін қалай болды?» деп сұрадым мен.

«Соңынан профессордың қызынан кешірім сұрадым, әрі оның әдепті екендігін мақтадым, - деді досым, - осы оқиғадан кейін сұлу қыздарды мақтаудан сақтанып жүретін болдым, балалардың өсіп-жетілу тұрғысынан алып айтқанда бұлай істеу дұрыс емес, балалар тамашалайтын көркемдік бұйымы немесе сипап көретін мамық емес екен. Олардың көңілі жұмсақ, мөлдір сабын сияқты болғандықтан, жөнсіз мадақтағанда із түсіп қалады екен».

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wikihow.com

M. Auelkhan