Көсілер көрпеңізге көңіл бөліңіз

Көсілер көрпеңізге көңіл бөліңіз

Аустралия зерттеушілері көптеген ерікті қатысушыға қой жүнінен, таза мақтадан және қоспа талшықтан жасалған көрпені жауып, ұзақ уақыт сынақ жүргізгеннен кейін, мынадай қорытынды шығарды: «Қоспа талшықтан жасалған көрпе адамның жайлы ұйқы сапасын төмендетеді, қой жүнінен жасалған көрпе жайлы ұйқыға септігін тигізеді».

Зерттеушілер бұл жағдай жөнінде былай деп түсінік берді: «Түнде адам денесінен бір литр мөлшерінде тер шығады, көрпе терді сіміре алмаса, адамның тынысы тарылып, ұйқысы жақсы болмайды, қой жүнінің су сіміру және ауа өткізу рөлі бар, әрі температураны да реттейді. Сондықтан, ұйқысы қашқан адамдар қой жүнінен жасалған көрпе-жастықты қолданып, сынап көрулеріне болады» дейді.

Ал қазақ жұрты бұл жайлы тым ертеден біліп, көрпе-төсеніш, жастықтардың барлығын қой жүнінен жасайтын болған.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: azh.kz

M. Auelkhan