АҚШ балабақшаларының ата-анаға жазған хаты

Хатта ата-аналардың өз балаларына ұстанған позициясында көңіл бөлуге тиісті түйіндер бала тілімен жеткізілген.

Мені шектен тыс еркелетпеңіздер. Барлық нәрсеге қолым жетпейтінін біліп тұрсам да, мыналар қайтер екен деп сіздерді сынау үшін жасаймын. Маған тең дәрежеде мәміле жасаудан алаңдамаңдар, сендер солай істегенде мен өзімді қауіпсіз сезінемін. Маған жаман әдеттерді қалыптастырмаңдар. Бала кезімде жақсы-жаман, дұрыс-қатенің бәрін сіздерге сүйене айырамын. Маған жасыма лайық сөйлеңдер, болмаса әдейі ақымақ көрініп алуым мүмкін. Мен басқалардың алдында айыптамаңдар, әйтпегенде абыройым түсіп сендермен қарсыласып кетуім мүмкін. Жасырын ескерту жасаңыздар, мұның өнімі жақсы. Қателік жасасам қылмыс өткізгендей кінә тақпаңдар. Жақсы дүниелерге талпынысым жоғалып кетуі мүмкін. «Мен сендерге өшпін» деген сөзімді көңілдеріңе алмаңдар, менің өшескенім сіздер емес, сіздердің маған жүктеген бітпес ауртпашылықтар. Мені қанаттарыңның астына ала бермеңдер, көп дүниені өзім тындырғым келеді. Менің ұсақ-түйек ауыруларыма қатты назар аудармаңдар, маған күйінетіндеріңді білемін. Тоқтаусыз сөйлей бермеңдер, болмаса құлағым «керең» боп қалады. Берген уәделеріңді орындаңдар, уәде орындалмаса көңілім түседі, сендерге сенбеймін. Менің түсіндіруім жан-жақты болмаса да, мен көп дүниені біліп тұрам және ақылды боп кетем. Өте кішпейіл болуды талап етпеңдер, кейде қорыққанда өтірік айтуым да мүмкін. Мені басқарғанда бастан-аяқ бірқалыпты болыңдар. Мені күмәнға қалдырсаңдар, екінші сендерге сенбеймін. Мен сұрақ сұрағанда ептеп-септеп құтылып кетуді ойламаңдар, жауап беруден бас тартпаңдар, олай болмағанда сұрақ сұрауды тоқтатамын немесе жауабын басқа жақтан іздеп кетемін. Мен қорқып кеткенде мазақтамаңдар, өздеріңді менің орныма қойып көріңдер, сендер мендей кезде қандай болдыңдар екен? Өздеріңдікін мәңгі дұрыс, қателіксіз көрсетпеңдер, шындығында олай болмай шықса мен қатты үмітсізденемін. Менен кешірім сұрауды абыройымыздың түсуі деп ойламаңдар. Кішіпейілділікпен сұралған кешірім арамызды жақындата түседі. Менің сендерге деген құрметім артады. Әрқандай істі өзім сынап көруді қалаймын, сіздердің соған мүмкіндік берулеріңізді және оның нәтижесін бірдей айта салмауларыңызды сұраймын. Менің тез-ақ ержетіп кететінімді ұмытпаңдар, бірге есею барысы сіздерге қиын тисе де, сынап көрулеріңізді сұраймын.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: tengye.com