Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Спам қоңыраулар мен хабарламалардан бірге арылайық!

Спам қоңыраулар мен хабарламалардан бірге арылайық!

Спам қоңыраулар мен хабарламалардан бірге арылайық!

Электронды поштаға келетін, түрлі сайттарда шығатын жарнамалық мақсаттағы хаттарға үйреніп қалдық. Қазірде маркетологтар ұялы телефонымызға, жеке нөмірімізге хабарласудан да ұялмайтын болды. Спам қоңырау мен хабарламалардан мезі болсаңыз, олардан арылудың жолдарын бірге іздейік.

Мұндай жарнама SMS-тер мен қоңыраулар кімнен келеді? Олардан қалай бас тартуға болады?

Байланыс операторлары

Әрине, ең алғаш жарнаманың осындай түрі телефон операторларында пайда болды. Біріншіден, олар бәріміздің телефон нөмірлеріміз бен есімдерімізді біледі. Ал екіншіден, олар үшін бұл жарнаманың ең арзан түрі. Шоттағы қалған ақша саны, шотқа ақша түскендігі жайлы ескертпе сынды ақпараттық хабарламар керек-ақ. Ал жаңа тарифтік жоспарлар, өтіп жатқан науқандар, жаңа қызмет түрлері жайлы хабар жарнамалық мақсатта таратылады. Әрине, олар да біреуге пайдалы болуы мүмкін, алайда көбіміз уақыт өте бұл хабарламалардан шаршай бастаймыз.

Түрлі байланыс операторларына хабарласып көрдік. Мұндай ақпараттық және жарнамалық SMS-терден арылу үшін сол оператордың абоненттік бөлімшелеріне барып, хабарламалар мен қоңыраулардан бас тартамын деген өтініш жазу керек екен.

Провайдерлік қызметтер

Провайдер – байланыс операторларымен келісім-шартқа отырған компания. Олар көптеген дүкен, сауда орындарының атынан жарнамалық хабарламалар жібереді. Біздің елде MobileInfo, SMS.KAZ, INFO_KAZ провайдерлері күнделікті жарнама жіберуден жалықпайды. Және нөмірлерімізді біздің байланыс операторларымыздан алады екен.

Бұл SMS-терден бас тарту үшін, әр провайдерге хабарласуға болады. Бірақ олардың бірі болмаса екіншісі байланыс операторы арқылы сізге қайта шыға алады. Дұрысы өзіңіздің байланыс операторына хабарласып, жайды операторға түсіндіріңіз. Ол қалауыңызша бұл қызметті өшіруге тапсырыс жасайды. Артынан сол істермен айналысатын қызметкер хабарласып, шаруаңызды аяқтап береді. Сол кезде нөміріңізді болашақта провайдерлерден жасыру мүмкіндігі жайлы сұраңыз. 

Банк

Қазірде әркімнің банк бөлімшесінде төлем картасы, есеп шоты бар. Әрине, қандай да бір құжаттар толтыру барысында нөміріңізді көрсетіп кеткен де шығарсыз. Болашақта сіздің нөміріңіз банк базасында ұзаққа сақталатындығын білгеніңіз дұрыс. Әсіресе несие алған не несие картасын аштырғандар осының зардабын шегеді. Уақытында төленбеген несие үшін сізді, сіздің достарыңыз бен ата-анаңызды (олардың да нөмірін берген едіңіз ғой) мазалай бастайды. Несиесін төлеп аяқтаған клиенттерге де қайта қоңырау шалып, жаңа қызметтерді ұсынудан шаршамайды. Әр банк бөлімшесінде бұрыңғы клиенттермен жұмыс істейтін бөлімшілер, операторлар бар екендігін ұмытпаңыз.

Нөміріңізді банк базасынан өшіру өте қиын. Бұл үшін банк бөлімшесіне барып, бөлімше басшысына кіріп, мән-жайды түсіндіру керек. Одан кейін қоңыраулар азайса да, сіздің нөміріңізді базадан бірден алып тастамайды.

Сақтандыру компаниялары

Бір рет көлігін сақтандырған адам жыл сайын сақтандыру компанияларынан ұсыныс қоңырауларын күтсін. Сақтандыру келісімін жасағанда өз нөміріңізді көрсетсеңіз, келесі жылы бір емес ондаған қоңырау аласыз. Компания бір болғанмен оны ұсынатын шағын бөлімшелер көп-ақ. Солардың әрқайсысы сіздің нөміріңізді ортақ базадан табады. Сақтандыру компаниясы банк сияқты емес, олармен келісу қиын болмайды. Басты кеңсеге қоңырау шалып, менеджерден өз нөміріңізді өшіріп тастауын сұраңыз. 

Дүкендер

Дүкендерден киім, аяқ-киім сатып алғанда кассада өз нөміріңізді журналға жазып едіңіз бе? Енді сол дүкеннен түрлі науқандар, жеңілдіктер жайлы ақпараттарды алып жүруге дайын болыңыз. Шопинг сүйгіш қыздар үшін бұл пайдалы бола алады. Алайда көбіміз бұл жарнама түрінен шаршадық. Енді өз нөміріңізді дүкенде қалдырудың алдында бірнеше рет ойланыңыз. Ал жазылып қойған жерден нөміріңізді өшіру үшін әр дүкенге барып, дүкен басшыларымен сөйлесу керек. 

Спам қоңыраулары мен SMS-терінен арылудың заманауи түрі де бар. Қосымшалар дүкенінде Анти Спам атты түрлі тегін қосымшалар бар. Бұл қосымшада қажетті нөмірлерді таңдап оларды қара тізімге енгізіңіз. Олардан басқа ешуақытта хабарламалар алмай, қоңыраулар естімейтін боласыз.

Спам қоңыраулар мен хабарламалардан шаршасаңыз, келесіде өз нөміріңізді біреуге берерде екі рет ойланып, абай болыңыз.

Ал сізге спам қоңыраулар мен хабарламалар келе ме?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bgr.in

372 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 қазан 2013, 11:32
Пікірлер
+0
18 қазан 2013, 11:58

Каспи банктен тым көп хабарласады! :x

+0
18 қазан 2013, 12:28

Сосын телефон операторларынан көп смстер келеді

+0
18 қазан 2013, 12:52

менің жыныма тиді осындай хабарламалар

+0
18 қазан 2013, 13:12

Көлік алғанымды сақтандыру компаниялар біліп отыр. Мәліметті олар сонда қайдан алады деген ой келеді. Мәселен бір сақтандыру компаниясынан қағаз алсаң, мәлімет барлық компанияларға ашыла ма? Әлде Жолпол бере ме екен? :?

+0
18 қазан 2013, 13:50

Колинстен көп келеді :P

+0
18 қазан 2013, 15:35

Бұлардың маған салған әуресі жетерлік енді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев