Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Тойда шашылғанның бәрі бақытсыз ба?

Тойда шашылғанның бәрі бақытсыз ба?

Тойда шашылғанның бәрі бақытсыз ба?

Британдық ғалымдардың жаңалығы дүйім жұртты елең еткізді. Әсіресе, той десе ішкен асын жерге қоятын, барын тойған шашатын қазақ халқы үшін бұл тұжырымның құлаққа түрпідей тиіп отырғандығын жасырмаймыз. 

Британ ғалымдары неке қию рәсімі мен үйлену той үшін көп ақша шығындағандардың некесі ұзаққа бармайды дегенді айтып отыр. Иә, солай. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу жұмысы некенің ұзақтығы тойға жұмсалған қаржымен өлшенеді деген нәтиже шығарды. Ең қысқа неке – қаражат мол жұмсалған тойдың иелерінде екен. Статистикада тойға өте аз қонақ шақырылып, ақша аз жаратылған тойдың себепкерлері ұзақ уақыт бірге жасайды деп көрсетілген.

Олар мұндай тұжырымның себептерін тарқатып та берді: той салтанатына жұмсалған қаражаттың көптігі енді ғана құрылған отбасының жағдайын одан әрмен қиындатып жібереді, ауырлықпен басталған отбасылық өмірдің болашағы да бұлдыр. Ал, лимузин мен қымбат той безендірулерінен, салтанатты мейрамханадан бас тарту – жас-жұбайлардың тек той-томалаққа емес, тұрақты серіктестік пен күнделікті тұрмысқа дайын екендіктерін көрсетеді. Әсіресе, тойларын шетелде атап өткен отбасы қарызға белшесінен батады. Бал айы бітпестен басталатын қаржы мәселесі қарым-қатынасқа көлеңкесін түсіреді. Мұның бәрін айтып отырған тәжірибелік жұмыстар жүргізген зерттеуші-ғалымдар тобы.

Сіз қалай ойлайсыз? Біздің қазақ "Той – халық қазынасы" деп нақылдайды, енді сол қазынамыз бақытсыздықтың себепкері бола ала ма?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

14
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 қазан 2013, 13:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.