Диван-сейф

Диван-сейф

Қонақ бөлмеде қару-жарақ сақталғанына қалай қарайсыз? Қонақ бөлмеде қарақшы отырған болса, қандай амал-әрекетке барар едіңіз? Өнертапқыштар үй тұрмысына қажетті жаңа диван-сейф ойлап тапты. 

Қарапайым диван жайылма төсек пен тоңазытқыштан құралуы мүмкін, бірақ, "Heracles Research Corporation" компаниясының жаңа өнертабысы арсенал сақтауға арналған болып шықты. Мұндай өнертабыс түріне, тіпті, Джон Макклэйннің өзі де таңданыс білдірер ме еді, қалай ойлайсыз?!

Жайлы диванда теледидар көруге, отыруға болады. Ең бастысы, қару-жарақ сақтауға үлкен сейф қоймасы бар. Сонысы үшін құрылымданған, егер алда-жалда қарақшылар басып кіріп жатса деген сақтық шараларынан...

"Heracles Research Corporation" компаниясының мұндай өнертабыс түрлерін шығаруда ерте кезден аты шыққан. Бұрындары төсек-бункер, ұрылардан қорғануға арнап жарылғыш заттарды ұғымға енгізген олар жыл сайын адамзаттың тұрмыс қажетіне жарайтын игіліктерді әкелуде.

"CouchBunker" өнертабысы қолайлы әрі қонаққа сырды ашып тастамайды. Жасырын орын табыла қалған күннің өзінде, сейф салмағы 295 келіні құрайтыны ұмытпаңыз.

Компания бүгінде "CouchBunker" өнімін үш үлгіде, кестелі гүлдердің әртүрлі реңкінде ұсынады. Бағасы - 5 036 АҚШ доллары.  

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: gizmag.com

Л. Лига