Шаруаға керек кеңестер

Шаруаға керек кеңестер

Шай қалташалары жағымсыз иістерді, сутек тотығы киімдегі дақтарды кетіріп, қарапайым қолға жағатын крем аяқ киімді жылтырата алады. Үй шаруашылығында қажет болатын кеңестер топтамасымен таныс болыңыздар. 

Шай қалташалары ауа тазартқыш ретінде  

Бірнеше қолданылған шай қалташаларын ыдысқа салып, тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Шай қалташалары тоңазытқыштағы жағымсыз иістерді өздеріне сіңіріп, ауаны тазартады. 

Балаларға арналған сулықтармен гаджеттерді тазалау 

Электронды құрылғылар, компьютер, ноутбук, смартфондарды сүртуге арнайы сулықтар сатып алғанша, бұл мақсатта қарапайым балаларға арналған сулықтарды қолданып көріңіз. Олар гаджеттеріңізді шаң мен қоқыстардан жақсы тазарта алады.    

Сутек тотығы дақтарды кетіреді  

Сутек тотығын тек жараларға жағатын антисептик деп білесіз бе? Шын мәнінде ол киімдерден қиын дақтарды кетіре алады, осы қасиетіне байланысты ағартқыштың құрамын кіреді. Бірақ түсті киімге абайлап қолданыңыз.  

Тіс пастасы тазалауыш құрал ретінде

Тіс пастасы ванна мен ас үйдегі металл беттерін жақсы тазартып, сонымен қатар қолдағы балықтан, сарымсақтан қалған өткір иісті кетіре алады.

Банандар қасықтарды жылтыратады  

Қасық, шанышқы мен пышақтарды бананның қабығының ішкі жағымен бір сүртіп шығыңыз. Артынан құрғақ орамалмен сүртіңіз. Қасықтарыңыз жарқырай түседі. 

Аспирин маса шаққан жердің ісігіне қарсы   

Масаның шаққан жердің ісігін басудың көптеген жолы бар. Соның тағы да бір жақсы жолы аспирин дәрісін езіп, кішкене су қосып, шаққан жерге басыңыз. Қышығандық пен ісік тез кетеді. 

Қолға арналған креммен аяқ киім сүрту

Қарапайым қолға арналған кремді аяқ киімге жағып, оны тазалап, жылтырын келтіре аласыз, сонымен қатар бұл дауа аяқ киімді жұмсақ қылады.  

Жаққыштарды сірке суымен жууға болады

Кір синтетикалық жаққыштарды ыстық сірке суына 30 минутқа салып, артынан оны ыстық сабын суымен жуып жіберіңіз. Қолданыылған жаққыштар жаңа бола қалады.

Қайшыны өткір қылу үшін 

Қайшыны өткір қылу алюминий қаңылтырын (фольга) бірнеше рет бүктеп, қайшымен қырқып жіберіңіз. Қайшы өткірлене түседі.  

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vk.com

С. А