Ұзақ өмір сүрудің сыры неде?

Ұзақ өмір сүрудің сыры неде?
Фото: bagnet.org

Ұзақ өмір сүру көп адамның арманы. Бірақ арман бәрінде бірдей орындалмайды. Өйткені адам өзіне керек нәрселерді жасамайды. Осының нәтижесінде адамның ұзақ жасау мөлшері орта есеппен 65-80 жастың арасын құрады. Ал жүз жасап жатқан адамдардың өмір сүру қағидасы мүлде басқа. Олар дұрыс тамақтану салтын ұстанады, әрқашан позитівті жүреді. Мысалы, әлемде ұзақ өмір сүру бойынша алдыңғы орында тұратын жапондардан артық позитівті халықты табу қиын. Бұл – елдегі әрбір 1500 адамның бірі жүз жастан асқанын білдіреді. Жалпы ұзақ өмір сүруінің сыры неде деп ойлайсыз?

Аустралия. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 90 жас. Мұндағы негізгі қағидалардың бірі – ешқашан саясат туралы айтпау, тек жұмыс істеу, демалу, көңіл көтеру,таза ауамен тыныстап, табиғаттың қойнауында болу. Аустралиялықтар сыраны жақсы көреді. Тағамдары тек жаңа, мұздатылмаған, өңделген тағамдардан дайындалады. Кез келген мәселені сабырлықпен шешеді.

Жапония. Жапондар дәстүрлі диетаны қатаң ұстанады: балық, күріш, соя және көкөністер жейді.

Бірақ Жапония адамдарының ұзақ өмір сүруінің сыры шикі балық пен теңіз балдырларын тұтынуда емес. Әлемде жылы мұхиттың бойында орналасқан көптеген ел бар, онда жергілікті тұрғындар таңертеңнен кешке дейін теңіз өнімдерін, жемістер мен көкөністерді жейді. Алайда олардың өмірі жапондардан екі есе қысқа.

Олардың ұзақ өмір сүрудің құпиясы – жапондар өте сыпайы, олар сөйлескен кезде басқа адамды ренжітпеуге тырысады.

Бұл елді нақты экономикалық ғажайыпқа теңеуге болады, өйткені күріш егетін, қала салатын жері жоқ және табиғи байлығы жоқ. Сөйте тұра әлем экономикасындағы көшбасшы елдер қатарында. Сонымен қатар, олар әлемдегі ең бай халық. Жапонияда орташа жалақы – 3500 доллар.

Тибет. Тибеттіктердің айтуынша, 100 жыл өмір сүру үшін бірнеше ережелерді сақтау керек: "Кез келген мәселені сабырмен шешуге тырысыңыз. Қолыңнан келмеген іске ұмтылма! Үнемі сабырлық сақтау керек. Мұрынмен дем алып, ауыз арқылы дем шығарып, демді ұзағырақ ұстаңыз. Басыңызға массаж жасауды үйреніңіз. Әрқашан жаңа таныстар табуға тырысыңыз. Диетаңыздан қуырылған тағамдарды алып тастаңыз. Көбірек ет, бұршақ тағамдарын жеңіз. Томаттың кез келген түрін жеуден тартынбаңыз".

Финляндия. 1970 жылдары Финляндия жүрек ауруынан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орында болды. Бұл мәселені үкімет дұрыс тамақтану, таза ауада жаттығу арқылы шешті. Финдердің 70 пайызы спортпен айналысады. Әйелдердің 50 пайызы жұмысқа жаяу немесе велосипедпен барады.

Басқа елдерде де ұзақ өмір сүрудің өзіндік құпиялары бар. Барлығына ғана тән бір сыр – дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік, жақсы көңіл-күй, өмірге деген сүйіспеншілік.

Италия ғалымдары өмір сүру ұзақтығына әсер ететін факторлардың бірі адамның психикалық денсаулығы екенін айтады. Италияның "Чиленто" деп аталатын жердегі адамдардың ораташа өмір жасы – 92 жас.

Италиялықтардың өмір сүру ұзақтығының бір сыры – су. Мысалы, Миланда орталық көшелерде суды қауіпсіз ішуге болатын әсем бағаналар орнатылған. Италялықтар суды көп ішеді. Кез келген мейрамханада немесе тіпті кәдімгі асханада даяшыдан ең алдымен табиғи су әкелуді сұрайды. Содан кейін олар шарап пен тағамды таңдайды.

Олар артық салмақтан арылуға тырысады. Үкімет өз азаматтарының тек зиянды өнімдермен ғана емес, тұрмыстық химиямен де улануына жол бермейді. Етті мұздатпайды, табиғи қалпын бұзбай сақтайды. Италялықтар күшті алкогольді жақсы көрмейді. Шарап қана ішеді. Оны да ағзаға зиянсыз мөлшерде ішеді.  

Олар салауатты өмір салтын ұстанады. Демалыс күндері теледидар алдында диванда жату олардың өмір салты емес. Кешке барлар лық толады. Қарым-қатынас, бірге футбол көреді, жалғыздықтан қашады. Демалыс күндері бүкіл отбасы жиі тауға, көлге немесе теңізге немесе ойын-сауық саябағына барады. Итальялықтар асықпайды.

Т. Раушанұлы