19 жастағы бойжеткен махаббатын іздейді

19 жастағы бойжеткен махаббатын іздейді

Сәлеметсіздер ме? Шешімі қиын бірнеше сұрақ адамның жан-дүниесін мазалаумен жүреді. Менің жасым 19-ға толды. Әрине көп адам "мына бойжеткен жап-жас болып махаббат іздеп жүргені несі?" деп ойлауы мүмкін. Әркім әрқалай ойлайтыны анық. Мені мазалап жүрген сұрақ бар. Өте қатты сұлу емес те шығармын, бірақ адам жанын түсініп, ақыл-кеңесімді айтып, қолдау көрсете аламын. Бірақ өзіме келгенде, әңгіме басқаша болады да қалады.

Мені шын жақсы көретін ер азаматтар бар. Олармен жақсы тіл табысып, жақсы әңгіме айтамыз. Олар бір-бірін танымайды. Бірақ ұят болса да айтайын, оларға өзім үміт беріп жүрген сияқтымын. Тек жаман істен аулақпын. Менің үміт беріп қоям дегенім жақындасу емес, тек  қанша тұтқаны көтермеймін десем де, олармен сөйлесіп қоя берем. Олар мені шын жақсы көретініне көзім жетті, біреуімен сөйлескеніме 4 жыл, екіншісіне 3 жыл, үшіншісіне 2 жыл болды. Жай сөйлесіп араласамыз, бірақ үшеуі де мені жақсы көретіндерін айтып жүреді. Ал енді өзіме келетін болсам, мен олардың ешқайсысын жақсы көрмеймін. Өздеріне де айттым. Бірақ сонда да қояр емес. "Осы адаммен бақытты боламын-ау" дейтін жан кездессе екен деп армандаймын, бірі ұнаса, бірі ұнамай қалады. Ондай жай сөйлесуден жалықтым, өмірім қызықсыз болып кетті. Ата-анам, туған-туыстарым, бауырларым бар, оған шүкіршілік етемін. Өмірімді махаббатпен байланыстырып, қызықты қылғым келеді. Және де айта кететінім - бір ұлмен сөйлесіп бастасам, ол адам анама ұнамайды, сол себептен де таңдап жүрем.

Осыған не дейсіздер? Өтініш, қатты қысымға алмай, жүрекке тиетін сөздеріңізді жұмсақ түрде жассаңыздар екен. Осы әрекетіме, ойларыма ақылдарыңызды айтып, түзу жол көрсетсеңіздер деймін. Рақмет!

Автор: Құпия қыз

Сурет: it-it.facebook.com

Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com 

М. Оңғарова