Еріншектің ертеңі бітпейді

Еріншектің ертеңі бітпейді

Маңызды тапсырмаларды орындау керек кезде жалқауланып қалатын әдетіңіз бар ма? Еріншектікті дереу жеңу айлаларын қолданыңыз.

Ештеңе істемеңіз

Дәл солай. Істердің барлығын тоқтатыңыз: компьютер мен теледидарды өшіріңіз, әрі-бері жүргенді қойыңыз. Көзіңізді жұмып, жәй 10 минут ештеңе істемеңіз. Әбігерліктен арылып, жаңа күшпен жұмысқа кірісе аласыз.

5 минуттық іс

Өзіңізді 5-ақ минуттық іске көндіріңіз. Ерініп тұрғанда күні бойы жұмыс жасау керектігі жайлы ой одан әрі жалқауланып кетуге итермелейді. Ал "5 минуттық істі ғана бітіремін" деп ойласаңыз, күшіңіз пайда болып, басқа істерді де жасап тастай аласыз.

Қиын тапсырмаларды бөліңіз

Қиын тапсырмаларды кішігірімдерге бөліңіз. Қажет болса, жоспарыңызды қағаз бетіне түсіріңіз. Тапсырмаларды бірінен кейін бірін орындау әлдеқайда оңай.

Өзіңізді еңбекке ынталандырыңыз

Кез келген еңбек сыйақыға лайықты, сондықтан өзіңізді әр жасалған тапсырма үшін марапаттап тұрыңыз. Ыстық шәй, тәтті шырын, 10 минуттық серуен, қоғамдық желідегі парақшаңызға кіру, сүйікті ән тыңдау не қарапайым демалыс.

Ертеңге қалдырмаңыз

Қандай іс болмасын, оны ертеңге қалдырмауға тырысыңыз. Ертең басқа тапсырмалар, шұғыл шаруалар шығып қалуы мүмкін. Сол кезде еш жұмысыңыз бітпей қалады. Сондықтан тым кеш болсын не тым шаршап тұрсаңыз да, бүгінгі істерді бүгін аяқтап тастаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: iltalehti.fi 

С. А