Сүйікті асыңыз сіз жайлы не айта алады? II бөлім

Сүйікті асыңыз сіз жайлы не айта алады? II бөлім

Тағамға әуестік пен мінез арасындағы байланыс жайлы айтып өттік. Осы тақырыпты жалғастырып, басқа да тағамдарды сүйіп жейтіндердің мінезін тауып көрелік.

Етсіз өмірін елестетпейтін жандар билікті сүйетін реалистер. Көп жағдайда сәтті, бай болады. 

Заманауи бургер, қуырылған картоп, басқа да фастфудты күнде жейтіндер шапшаң, күші мол, пысық адамдар болады. Олар әр кез қозғалыста жүреді.

Сүт, йогурт, айран және басқа да сүтті өнімдерге құмар жандар нәзік, қамқор, мейірімді болады. Олар жалғыздықты қаламайды, үлкен отбасы, балалар жайлы армандайды.

Тым ащы тағамдарға әуес адамдар қызғаншақ, қаны қызу болады. Олар қызық шытырман оқиғаларды тілеп отырады. 

Көкөністерді сүйіп жейтіндер еңбекқор және күшті болады. 

Ал жемістерді шығармашылық қабілеті бар, сезімтал жандар таңдайды.

Тұзды балыққа құмар адам тұрақты, байыпты мінез иесі. Алайда қарым-қатынас жағынан керемет болмауы мүмкін.

Ал сіз осының қайсысына құмарсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fitness.sport.pl

С. А