Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / 30 секундтық сынақ

30 секундтық сынақ

30 секундтық сынақ

Сынақ дегенге қолыңызға қалам мен қағаз алудың қажеті шамалы. Жазбаны соңына дейін оқысаңыз, соның өзі жеткілікті. Егер жауабын білмесеңіз, келесі сұраққа өте беруіңізге болады.

Сұрақтар:

  • Әлемдегі бес мемлекет басшыларының аты?
  • Жақынғы бес жылдағы есіңізде қалған Нобель сыйлығы лауреаттары?
  • Әлем аруы атағын еншілеген бес сұлу?
  • Пулитцер ақпарат сыйлығын алған үздік бес журналист?
  • Оскарды еншілерген бес фильм, бес үздік әйел актер мен ер актер?

Сауалдарға жауап беру үшін Google-датып жіберуіңіз мүмкін. Оның қажеті жоқ. Бұл әйгілі жандардың есімі есімізде тұра бермеуі мүмкін. Марапаттау аяқталады, сыйлықтар мен жүлделер ескіреді. Ат-атақ, куәліктер бұрынғысындай құнды болмайды, ұмытылады.

Енді тағы бір сынаққа назар аударыңыз. Бұл жолы қалай жауап беретініңізге қараңыз:

  • Мектеп жылдарында сіздің білім алуыңызға ең үлкен шабыт беріп, жәрдемші болған үш мұғалім?
  • Қиыншылыққа жолыққанда сізге қол ұшын берген үш досың?
  • Өмір жолында сізге өте керекті болған істерді үйретіп, тәрбие-өнеге көрсеткен бес адам?

Бұл сұрақтар сізге оңай сезілетін шығар, солай ма?

Қандай шабыт алдыңыз?

Есіңізде болсын, өмір жолында шынайы әсер ететіндер ең көп даңқ-мәртебеге, ең көп бақыт-байлыққа немесе ең көп сыйлықтарға ие болған әйгілі адамдар емес, қайта өзіңізге шынайы көңіл бөлетін осы адамдар болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: ask.qyer.com

3448 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 15 ақпан 2013, 15:23
Пікірлер
+0
15 ақпан 2013, 16:00

Жөн екен. Гуглдатпаймын. Бірақ соңғы сұрақтарға жауап беру қызықтырақ болар еді :D

+0
15 ақпан 2013, 16:12

шынайы көңіл бөлетін достарым-ай

+0
15 ақпан 2013, 20:13

1ші қатардағысына мүлде жауап бере алмадым кейбіреуіне. оның бәрін білу міндетті емес шығар деймда 8-) 2шісіне біршама ойланып қалдым

+0
15 ақпан 2013, 23:16

Жауап беріп көрейінші: 1)Балқыбеков Әмірхан, Тұрдықұлова Гүлнәр, Есалиева Назира 2)Олар көп негізі, Замира, Нұрила, Ақеркені атар едім)3) анам, Ерлан ағай, Самал ағай, кітап, бесіншісі құпия болып қалсын)

+0
15 ақпан 2013, 23:17

қиналып қалдым бірден жауап бере алмай)

+0
15 ақпан 2013, 23:24

Иә, әр адамның өз өмірі маңызды ғой басқалардыкіне қарағанда.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...