Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Көктемнен не күтесіз?

Көктемнен не күтесіз?

Көктемнен не күтесіз?

Табиғатта көктемнің салтанат құруына да көп қалған жоқ. "Көктем шықса екен" деп жүргендер де жоқ емес. Бәрі көктемнен не күтеді екен? Ғашық болуды ма? Басқа мезгілде ғашық болу мүмкін емес пе сонда?

Көктемде бар табиғат қана емес, адамдардың ішіндегі бұғып, тоңып жатқан сезімдер де оянады. Үміт пен сенім бүршік атып, күдік ери түспек. Көктем - махаббат айы. Көптен бері томаға-тұйық қалыпта жүргеніңізді көктем шыққанда ғана сезінуіңіз мүмкін. Неге мен жалғызбын? Менің де бір бағыма жазылған жартым бар шығар деп ойлайсыз. 

"Неге олай?" деп таңдай қағудың еш қажеті жоқ. Бәрі де табиғат заңы. Аязды әкетіп, қарды ерітетін күннің шырайлы шапағы тек табиғатты ғана емес, ондағы тіршілік иелерін де жандандыра түспек. Көктемді асыға күтетін адамдар осы мезгілде қайта туылатындай, жаңа өмір бастайтындай. Күннің D дәрумені де жанымызды байытатындай болып тұрады. 

Көктемді күтпейтін тіршілік иесі жоқ шығар. Түннен кейін күннің келетіні сияқты қыс қылышын сүйретіп өтіп кеткенше көктемнің көлеңкесін күтіп жүреміз. Өйткені көктемнен жақсылық күтеміз. 

Көктемде қыз біткен құлпырып шыға келеді. Тіпті күн сайын көріп жүрген аруға "Бұрын қалай байқамағанмын?" деп таңданасыз. Бұл әдейі жасалатын құбылыс емес. Адамды өзгертетін де, құлпыртатын да мезгіл ғой. Көктемнің әсерінен айналасына нұр шашып, қыр гүлдеріндей жайнап жүрген қыздарға ғашық болмай көріңіз. 

Сонда біз көктемнен не күтеміз? Махаббат па? Жаңа өмір ме? Жаңа іс бастау ма? Отбасын құру ма?

Сіз көктемнен не күтесіз?

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru

4285 18
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 15 ақпан 2013, 11:01
Пікірлер
+0
15 ақпан 2013, 08:45

Осы көктемнен күтетінім бір-ақ нәрсе...

+0
15 ақпан 2013, 08:59

Менің көктемім басталып кетті ғой))

+0
15 ақпан 2013, 10:06

жана махаббат,жана өмір...

+0
15 ақпан 2013, 10:19

көктемнен "Көктемімді" күтемін

+0
15 ақпан 2013, 11:06

Атай көрмеңіз, бұл мезгілден қатты қорқамын. Көктемнің бар бәлесі күндерінде жатыр ғой

+0
15 ақпан 2013, 11:27

Үйде басталатын "стройканы" күтем ғой

+0
15 ақпан 2013, 12:22

Көп нәрсе күтемін

+0
15 ақпан 2013, 16:44

Ұшқын не күтеді екен көктемнен? ;)

+0
15 ақпан 2013, 16:46

Куратай :D Үйге барғанда айтам )

+0
15 ақпан 2013, 16:55

Күтем ал )))))

+0
15 ақпан 2013, 20:58

жақсылықтың бәрін де күтемін

+0
15 ақпан 2013, 23:14

менде ұзын сонар тізім бар))))

+0
17 ақпан 2013, 19:16

Коп нарсе кутем :D

+0
17 ақпан 2013, 20:47

Коп сәттіліктерді)))) :?: :?: :?:

+0
18 ақпан 2013, 02:30

өзімді де өзгені де таңқалдыратын өзгерістер болса деймін...ойламаған жерден бір керемет болса

+0
18 ақпан 2013, 10:42

Өзін күтем. Қайда?

+0
19 ақпан 2013, 22:22

Көктемнен жазды күтемін мен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...