Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Құз басындағы ояну

Құз басындағы ояну

Құз басындағы ояну

Журналист табысқа жеткен үлкен компания жетекшісінен сұхбат алуға барды. Әңгіме барысында ол тілшіге басынан өткен мынадай оқиғаны әңгімелеп берді: «Осыдан оншақты жыл бұрын басыма қат-қабат қиыншылық түсті. Жұмыссыз қалдым. Қалыңдығым тастап кетті. Дәл осы кезде жол апатынан әке-шешем бірдей көз жұмды. Тағдырдың тоқтаусыз соққысы мені қатты есеңгіретіп жіберді. Төзе алмадым. Қатты жауын болған күндердің бірінде қалың орман арасына барып, биік жардың басына шықтым. Секіруге енді ыңғайлана бергенде, құз етегіндегі өзенге құлап кетпеуге тырмысып, жанталасып жатқан бақаны көрдім. Жаңбыр аралас ұйтқып соққан жел бақаны ақыры ұшырып жіберді. Демімді ішімнен тарттым да, көзімді жұмып, енді қозғала беріп ем, әлгі бақаның ақтық дауысы құлағыма естілгендей болды. Төмен жаққа қарасам, ол жарты метрдей жердегі бір тал шыбыққа жармасып, жанталасып жатыр екен. Жүрегімді бір ыстық жалын шарпып кетті. Көзіме жас толды. Жерге етпеттеп жатып, әлгі құрбақаны шығарып алдым. Оған ұзақ қарап тұрдым.

Жауын басылды. Мен өзіме қол жұмсау ойынан құлан-таза айықтым.

Күні бүгінге дейін сол бақаны есіме алсам, кеңсірігім ашып, бір өзгеше күй кешемін. Ажал алқымдағанда қайсарлық танытқан сол бақа мені құтқарды. Мен де оны құтқардым. Ол маған өмірдің қаншалықты қымбат екенін сезіндірді. Сол күннен бастап менде қажымай-талмай өрге ұмтылатын күрескерлік рух пайда болды. Мінеки, табысқа да жеттім» деп сөзін аяқтапты ол.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: taopic.com

1920 3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 13 ақпан 2013, 11:11
Пікірлер
+0
13 ақпан 2013, 12:02

жақсы мысал екен. өмір сүрген жақсы ғой

+0
13 ақпан 2013, 16:25

Мықты кісі ғой

+0
13 ақпан 2013, 19:56

8-) қиналғанда көбінің ойына кіріп шыққан шығар осы суицид бір табысқа жеткенде яки мұңынды жақын адаммен бөліскенде керемет күй кешесін өмір сүргің келіп кетеді. ең бастысы жалғыз қалмауға тырысу керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...