"Арамыз суып кетті". Некенің бұзылғанын көрсететін 5 белгі

"Арамыз суып кетті". Некенің бұзылғанын көрсететін 5 белгі
Фото: ru.freepik.com

Кейде ең берік қарым-қатынастың өзі нашарлай түседі. Қарым-қатынасты қатайту үшін де жұмыс істеу керек. Серігіңізбен араңыз суып кетпеді ме? Неке бұзылуының алғашқы белгілерін терапевт Аарон Андерсон айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter.ru сілтеме жасап.

1. Бірге уақыт өткізбеу

Жұмыстан келесіздер, теледидар алдында тамақтанасыздар, содан соң ұйықтауға жатасыздар. Немесе бір бөлмеде бірге отырсаңыздар да, күйеуіңіз футбол көріп отырады, ал әйелі бірдеңе оқып немесе біреумен сөйлесіп отырады. Мұны бірге уақыт өткізу деп айтуға келмейді. Бос уақытты қалай өткізетініңізге анализ жасап, бірге немен айналысуға болатынын жоспарлаған дұрыс. Мысалы: серуендеп келу, үстел ойынын ойнау, бассейнге бару жіне т.б.

2. Демалыс күнге және еңбек демалысына әртүрлі жоспар құру

Некенің алғашқы жылдарында, әдетте, жұптар еңбек демалыстарын бірге жоспарлайды, демалыс күні бірге көп уақыт өткізеді, бір-бірінің қолдарын ұстап жүреді. Кейін бұл әдет бәсеңдеп кетеді, басқа адамдармен араласқысы келу - қалыпты жағдай. Алайда бірнеше еңбек демалысын бір-біріңізден бөлек және басқа компаниямен өткізсеңіздер, ойлану қажет.

3. Бір-бірінің сезімдеріне немқұрайлық таныту

Қарым-қатынастың басында мессенджерде қалай сөйлесетін едіңіздер? Ұсақ-түйектен бастап маңызды нәрселерге дейін талқылайсыздар. Әр жағдайдағы сезімдеріңізге мән беретінсіздер. Ал қазір "үйге келе жатып жеміс-жидек ала сал", "бүгін анамды күтіп алуға ұмытпа" дегеннен басқа ештеңе жазбайсыздар.

Алайда арасында бір-біріңізге ойларыңызды, уайымдарыңызды, әсерлеріңізді бөлісіп, отырыстар ұйымдастырып тұрған жақсы.

4. Жыныстық қатынаста болғысы келмеу

Қарым-қатынастың басында жыныстық қатынастың көп болуы, ал уақыт өте оның азаюы қалыпты. Либидоның төмендеуіне қарбаластық, күйзеліс және бос уақыттың болмауы да әсер етеді.

Бірақ узақ уақыт жыныстық қатынаста болғыңыз келмесе, ойлану керек. Бұл сұрақты серігіңізбен ақылдасқан дұрыс.

5. Бір-бірінің достарын немесе отбасын сынау

Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына жиі жақын туыстары секілді ортасы әсер етеді. Серіктердің біріне енесінің немесе басқа туысының әрекеті ұнамауы мүмкін, бұл қалыпты. Түсініспеушілік те - үйреншікті нәрсе.

Бірақ егер серігіңіз бір туысыңызға қайта-қайта тіл тигізсе және ол сіздің жаныңызға қатты батса, оған ол туралы бірден айтыңыз.

А. Жапатова