Сүйісудің қандай пайдасы бар?

Сүйісудің қандай пайдасы бар?
Фото: freepik.com

Сүйісудің ағзаға пайдасын зерттейтін ғылым филематология деп аталады. Зерттеу жұмыстары 1981 жылдан бері ДДҰ-ның қолдауымен жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері сүйіскен эмоция мен психикаға әсер етіп, денсаулықты нығайтатынын көрсеткен. 

Эмоциялық пайдасы: махаббатты білдіреді, тыныштандырады және босаңсуға мүмкіндік береді. Сүйіскен кезде ағзада биохимиялық реакциялар жүреді, нәтижесінде кортизол (күйзеліс гормоны) мөлшері азаяды. Сонымен қатар,  окситоцин түзіледі. Егер шаршап жүрсеңіз, көңіл-күйіңіз болмаса, сүйісу арқылы күйзелістен арылуға болады. 

Әсіресе, отбасылы адамдар өмірінде сүйісу маңызды. Соның ішінде ер адам таңғы сүйістен күнделікті қуат алатыны белгілі болған. 

Күнделікті сүйісу қан қысымын азайтып, бас ауруынының алдын алады. Жүрек жиі жиырылатындықтан, тамырлар кеңейеді. Қан айналымы жақсарып, ағза толық оттегімен қамтамасыз етіледі.  

Сүйісу — тіс жегісінің алдын алады. Сілекей көп бөлінеді, оның құрамындағы тұздар, минералдар және табиғи антибиотиктер ауыз қуысының қышқылдығын қалыпқа келтіреді және тіс эмальын нығайтады.

Және бұл жастықты ұзартудың жолы. Сүйісу кезінде көптеген бет бұлшықеттері жұмыс істейді, нәтижесінде мойын мен иек тартылып, 8-ден 16 калорияға дейін жоғалады.

Т. Есқали