Өзіңіздің адамыңызды тапқаныңызды көрсететін 5 белгі

Өзіңіздің адамыңызды тапқаныңызды көрсететін 5 белгі
Фото: freepik.com

Жаныңыздағы серігіңіз бен өзіңізге бір уақыт сырттай қарап көріңіз. Айналадағы адамдармен байланысы қалай, сізге деген қарым-қатынасы жағдайларға байланысты қалай өзгереді? Өзге адамдардың көзінше өзін қалай ұстайды, оңашада өзгере ме? Осы сұрақтардың бәріне жауап беріп көріңіз. Одан бөлек сіздің өзіңіздің адамыңызды тапқаныңызды көрсететін 5 белгі бар.

1. Оңашада басқалар туралы ойламайсыз
Егер оңаша қалған кезде не бірге серуендеп жүрген кезде басыңызда артық ой болмаса, демек серігіңізді дәл таптыңыз. Ондай жағдайда адам өзін өте еркін сезінеді, артық уайымның бәрі жадыдан өшіп кетеді. Соның арқасында демалғандай сезім пайда болады.


2. Сіздің жетістіктеріңізге қуанады
Уытты қарым-қатынаста бір адам екіншісінің мүдделеріне жиі зиян тигізеді. Біреудің жетістігіне қуану үшін адам алдымен өз өміріне риза болуы керек. Егер серігіңіз сіздің қуанышыңызға ортақтаса алмаса, болашақта да оның қабылдауы қиын. Ол үшін сіз бір бүтін адам емес, өмір бойы жарысу керек адам болып қаласыз. 


3. Ол сізді өзгертуге тырыспайды
Егер серігіңіз сізді өзгертуге тырысса немесе сіздің таңдауыңызды қабылдамаса, бұл адамның басқаларды басқаруды ұнататынының белгісі. Ол сізге ешқашан құрметпен қарамайды. Уақыт өте ескертулер көбейе береді. 


4. Ол өзінің эмоциясын жасырмайды
Дұрыс қарым-қатынаста серіктестер өз сезімдерін білдіреді және арадағы кикілжіңді сөйлесу арқылы шешеді. Егер үнсіз қалып, біраз уақыт қырсықса немесе ашылып айтпастан қарым-қатынасты үзуге тырысса болашақта ол адаммен ортақ шешімге келу қиындайды.


5. Сізді естиді
Психолог Элинор Гринбергтің айтуынша, егер адам  сіздің өміріңізге шынымен қызығушылық танытса және сіз сөйлеген кезде мұқият тыңдаса, онда қарым-қатынастың ұзақ болу мүмкіндігі жоғары. Тек тыңдап қана қоймай, сізді ести алса, тіпті жақсы. Болашақта түсініспеушілік өте сирек болады.

Т. Есқали