Мүгедектігі бар адамдар туралы қалай дұрыс сөйлеу керек?
Ешкімнің де көңіліне тигісі келмейтін адамға арналған өзекті сөздік
Айтатын сөзіміз ой үрдісімізден хабар береді, сөз болып отырған нысанға деген көзқарасымызды білдіреді. Бүгінгі этика бойынша, біздің ата-аналарымыз айтып келген сөздердің өзі «моральдық тұрғыда ескірген», ал біздің буын оны адамның қадір-қасиетін қорлайтын стереотип деп бағалайды. Ал өз кезегінде, дұрыс сөйлеуіміз адамның позитив образын қалыптастыруына, адамға құрмет көрсетіп, онымен байланыс орнатуға көмектеседі. Jusan Bank-тің «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында мүгедектік және мүгедектігі бар адамдар туралы қалай сөйлеу керегін әңгімелейміз.
Jusan – өз клиенттері үшін қаржылық және бейқаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын қазақстандық жетекші банктердің бірі. Банк сапалы қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өз шығармашылық және спорттық әлеуетін жүзеге асыра отырып, әлеуметтенуге және белсенді өмір салтын ұстануына көмектесетін әртүрлі қауымдастық мен жобаларды қолдауға бағытталған.
Бүгінде қоғамның әрбір мүшесі қазіргі жағдай мен мүгедектігі бар адамдарға деген көзқарасты өзгерту үшін өзінің күнделікті, аз да болса – өте маңызды! – күш салуы керек. Инклюзия мәдениеті этикалық тұрғыда дұрыс әрі сауатты терминология арқылы да қалыптасып, енеді.
Алдымен :
«Мүгедек», «ауру/сау», «қалыпты/қалыпты емес», «қарапайым/толыққанды емес», «ақыл-ойы жетіспей қалған», «жарым» және тағы да басқа сөздер қорлайтын сөздерге жатады (бірінші кезекте дөрекі, жалпылама әрі нақты емес болғандықтан).
"Аутист", "дцпэшник", "даун", "соқыр", "саңырау-мылқау", "қолы жоқ" немесе "аяғы жоқ" деген сөздердің орнына "аутизмі бар адам (БЦСА-сы, Даун синдромы бар адам)", "зағип", "есту қабілеті нашар адам", "аяқ-қол кемістігі бар адам". Ал егер арбамен қозғалатын адам туралы жазсаңыз, "арбаға таңылған адам", "мүгедек" деген сөздерді қолданбаңыз. Дұрысы – "арбамен жүретін адам".
Негізі «мүгедек» сөзі мемлекеттік органдарда қолданылса да, адамды сипаттауда бұрыс қолданысқа жатады. Мақала жазғанда (тек мақала емес!) алдымен адам екенін, сосын ерекшелігін атап өту қажет. (орыс тіліндегі сөйлеу нұсқасында – Авт.) Сондықтан барынша бейтарап қолданыс – «мүгедектігі бар адам» болады. Сондай-ақ, «денсаулық мүмкіндігі шектелген мүгедек адамдар» деген қолданыстан да ада болған жөн. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамның ерекшелігіне емес, олардың жүріс-тұрысына қалыпты жағдай жасалмауына қатысты мәселе
дейді Бішкектегі америкалық Орталық Азия университетінің мүгедектік саласындағы зерттеушісі Рахат Орозова осындай қателіктерден аулақ болғысы келетіндерге.
Сонымен қатар мүгедектікті "мүгедектігіне қарамастан..." немесе "мүгедектігін елемей..." деген сияқты артық ерлікке балап, әсіре мақтау сөз айтудың да қажеті жоқ. Шектен асыра мақтау да мүгедектігі бар адамдарды аяу немесе жағдайына қарасу әрекеті ретінде бағаланып, қоғамнан жырақтату болып саналады. Есіңізде болсын – мүгедектігі бар адамдардың бәрі бірдей өзіне ерекше көзқарасты талап етпейді. Мейірімді, мұқият болыңыз – өз әрекетіңіздің дұрыстығына көз жеткізіп, сұрақ қоюдан қысылмаңыз.
АҚШ-тың Ұлттық Қолжетімділік Орталығының қызметкері Карен Мейер жасаған «10 жалпы этикет ережесі» бар. Олар мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас кезінде туындауы мүмкін көптеген жағдайда қолданылады және ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектеседі. Оларды құрметтей отырып, өзіңізді дұрыс ұстап қана қоймай, ешкімді ренжітпейсіз, сонымен қатар сөздеріңіздің дәлдігінің арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдарды жақсы түсіне бастайсыз.
  • Адамға жүгіну
    Мүгедектігі бар адаммен сөйлескенде еріп жүрушіге немесе сурдоаудармашыға емес, оларға тікелей сөйлеңіз.
  • Қол алысу
    Мүгедек адаммен танысқан кезіңізде оның қолын алу табиғи нәрсе: тіпті қолын қозғалту қиынға соғатындар немесе протезді қолданатындар да оң немесе сол қолымен қол алысуы мүмкін.
  • Өзіңізді де, өзгені де атаңыз
    Көзі көрмейтін адаммен сөйлескенде өзіңізді де, өзіңізбен бірге келгендерді де атап өтіңіз. Топта ортақ әңгіме айтылғанда, кімге сөйлеп тұрғаныңызды және өзіңіздің кім екенініңізді атауды ұмытпаңыз.
  • Көмек ұсыну
    Көмегіңізді ұсынсаңыз, оның қабыл болуын күтіңіз, сосын ғана нені қалай жасау керегін сұрап алыңыз. Адам ешкімнің көмегінсіз-ақ әлдеқандай әрекет жасаса, оған көмек ұсынудың да қажеті жоқ.
  • Адекват және мейірімді болу
    Мүгедектігі бар үлкен кісіге «сіз» деп сөйлеңіз. «Сен» деп тек жақсы танысыңыз болса айта аласыз.
  • Кресло-арбаға сүйенбеңіз
    Біреудің мүгедек арбасына сүйеніп тұру – оның иесіне сүйеніп тұру деген сөз, бұған жол бермеу керек. Мүгедек арбасы – адамның қол соғуға болмайтын жеке кеңістігі, оны құрметтеу керек. Балдаққа да, таяққа да сондай ережені ұстаныңыз.
  • Мұқият әрі шыдамды болу
    Қарым-қатынас жүргізуде ауыртпалығы бар адаммен әңгімеде оны мұқият тыңдаңыз. Шыдамды болыңыз, адам өз сөзін толық аяқтауын күтіңіз. Оны дұрыстаудың да, сөзін жалғаудың да қажеті жоқ. Түсінбесеңіз, түсінгендей кеп танытпаңыз. Түсінгеніңізді қайталап беріңіз, бұл өзара түсінісуге көмектеседі.
  • Әңгімедегі орын
    Арбамен, балдақпен немесе таяқпен жүретін адаммен әңгімелескенде бірдей көз деңгейінде болыңыз, осылайша өзіңізге ыңғайлы болады. Еріннен сөз танитын адаммен әңгімеде өзіңізге жарық түсетін орында тұрғаныңыз жөн. Айқын көрініп тұруыңыз үшін тамақ, қол немесе медициналық маска кедергі келтірмеуін қадағалаңыз.
  • Адамның назарын аудару
    Есту қабілеті нашар адаммен сөйлескенде қол бұлғаңыз немесе иығынан қағыңыз. Көзіне тік қараңыз, нақты сөйлеңіз, айтарыңызды дәл айтыңыз, бірақ нашар еститіндердің бәрі ерініңізге қарап түсіне бермейтінін ұғыңыз. Қажет болмаса дауыс көтеріп сөйлеудің қажеті жоқ – құлағы дұрыс естімесе, адам өзіне қажетті деңгейде дауыс зорайтатын аппаратты қолдануы мүмкін.
  • Қысылмаңыз
    Көрмейтін немесе естімейтін адамға "Көріскенше" деп, немесе «Естідіңіздер ме?» деп кенеттен ыңғайсыз жағдайға тап болсаңыз, қысылмаңыз. Бұл қалыпты жағдай. Көзі көрмейтін адамға «қараңыз», ал мүгедек арбасымен жүретін адамға «жүріңіз» деп айтудың сөкеттігі жоқ.
Әрбір адамға қамқорлықпен, JUSAN!