Мультфильмдерден алуға болатын 5 өмірлік сабақ

Қазір балалар ерте есейеді. Біз оларды сәби көруіміз мүмкін, бірақ олар кішкентай кездерінен бастап бізді өздерінің әңгімелерімен, ойларымен таңғалдыра алады. Сондай-ақ көпшілік ата-анадан баласымен сөйлесу күннен-күнге қиын болып бара жатқанын жиі естуге болады: олар бәрін жақсы білетіндей сөйлейді, ересектермен дауласады, олардың өтініштерін елемейді. Бұл жағдайда оларды жазалау немесе ұялту арқылы жеңе алмайсыз. Балалар тілінде сөйлесіп үйрену маңызды. Мысалы, маңызды нәрселерді балаға мультфильмдер арқылы түсіндіруге болады.

1-сабақ. Қорқыныштарға тіке қара

Қаншалықты үлкен, шешілмейтін немесе күшіңіз жетпейтін болып көрінсе де, алдыңызға қойған әрбір мақсатыңыздың негізінде табандылық жатыр. "В поисках Немо" мультфильмінде Марлин мұхитты кешіп, сәтсіздіктерге тап болса да, ұлы Немоны табудан бас тартпайды. Марлин Немоны табады, өйткені ол өзінің жүрегін тыңдайды және берілмейді. Өмір қиындықтарға толы, бірақ оның бәріне шыдап, жеңіп шығу үшін ішкі күш-жігердің болуы жеткілікті.

2-сабақ. Жақсы немесе жаман сезім болмайды, бізге олардың бәрі керек

"Головоломка" мультфильміндегі 11 жастағы мектеп оқушысы Райли Андерсоннің әрекетін 5 базалық эмоция басқарады: Қуаныш, Қайғы, Қорқыныш, Ашу және Жиіркеншектік. Олардың әрбіреуі өзін басым еткісі келіп, қыздың өмірін басқарғысы келеді. Соның себебінен Райли өзін жоғалтып, өмірлік жағдайларды жеңе алмайды.

Қуаныш Райлидегі өз сезімін күшейтіп, Қайғыға кедергі келтіргісі келеді. Бір қарағанда, бұл дұрыс әрекет секілді көрінеді: қайғырудың не қажеті бар? Бірақ бұл фильмнің мәні – барлық эмоцияларды қабылдау және мойындау. Олардың бәрін бірге қолдана біліп, ары қарай жылжу. Сезімдерді басуға болмайды, әйтпесе, олар іштей өсе беріп, біркүні сыртқа жарылып шығады.

3-сабақ. Өзіңді қабылдай біл

"Красавица и чудовище" ертегісін қарағанда "шынайы сұлулық - ол жан-дүниенің сұлулығы" деген сабақ алуыңыз мүмкін. Сөзсіз, бұл маңызды шешім, бірақ Белльден де көп нәрсе үйренуге болады. Тұрғындар оны біртүрлі көреді, себебі ол ақылды және бәрі ұнататын Гастонға немқұрай қарайды. Олар Белльдің не үшін кітап оқи беретінін түсінбейді және әкесінің өнертабыстарына күле қарайды. Алайда Белль басқалардың пікірін елемейді: ол өзіне адал болып қалады және әкесін қорғап жүреді. Бұл балаларға немесе жасөсіпірімдерге сабақ бола алады: егер сені біреу түсінбесе, мазақтаса, ең дұрыс әдіс – басқалардың пікірін елемей өз ерекшелігінді сақтау.

4-сабақ: Жайлы зонадан шық

"Рапунцель" мультфильмінде Готель ханшайымды мұнарадан шықпауға көндірген. Ол оның ішінен мүлдем шықпай, есейеді. Рапунцель онымен дауласпауды жақсы шешім деп ойлап өседі: ол қауіпсіз жерде екенін қабылдады және ол өзін жайлы сезінді. Алайда ол уақыт өте қамауда әлемді көре алмайтынын түсінді. Сондықтан өз армандарын орындау үшін ол жайлы зонадан шықты.

5-сабақ: Ұсақ-түйектің бәрін уайымдаудың қажеті жоқ

Кез-келген эмоция – тек біздің субъективті және қысқа мерзімді реакция. Егер уайымға салынып, одан шыға алмасаңыз, өмірдегі басқа қызықтардың бәрінен құр қалуыңыз мүмкін. "Король Лев" мультфильміндегі Тимон мен Пумба Симбамен өз ұстанымдарымен бөліседі. "Акуна Матата" - уайымдама, бақытты бол. Бақытты болыңыз және қазіргі сәтпен өмір сүріңіз. Бәрі жақсы болады.