«Жауыңды жеңгің келсе, құшағыңа ал»

«Жауыңды жеңгің келсе, құшағыңа ал»

Достық пен жауластық - өлмейтін тақырып. Әркім де әр жерде, әр уақытта бұл мәселемен бас ауыртқаны шындық. Қастықты қазақ халқы өз мақал-мәтелдерімен талай айқындап, сипаттамасын да берген. Ал әлемде жаулық, өшпенділік, қастық туралы қандай ой айтылады екен?

  • Ұрысқа ниет болса, себеп табыла кетеді. Илья Шевелев
  • Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар. Жан-Жак Руссо
  • Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан. Шота Руставели
  • Жексұрын жыланнан да жаман. Жылан бір рет қана шағып алуы мүмкін. Ал жексұрын қайта-қайта шағады. Чанакья Пандит
  • Мен өз жауларымды дос етіп алу арқылы жеңіп кетемін. Авраам Линкольн
  • Өз жауын аямаған адам, досын да аямайды. Авессалом Подводный
  • Өз-өзіңмен үйлесімді өмір сүрмесең – нағыз жаугершілік осы. Белгісіз автор
  • Достарыңмен жауласу дұшпаныңмен соғысудан да қиын. Демокрит
  • «Өле қал!» деп айтылған жаудың сөзі маған «Аман бол!» дегенімен бірдей-ақ. А.Гафуров
  • Жаудың мықты болғаны жақсы, тек ызалы болмаса болыпты. Авессалом Подводный
  • Дұшпанына рақымшылықпен қарайтын адам өз өмірін бағаламайды. Константин Щемелинин
  • Биіктегіңіз келсе – дұшпан іздеп табыңыз. Шарль Морис Талейран
  • Ойлы жауға қарағанда, ойсыз жау қауіптірек. Константин Кушнер
  • Жауың көп болса, қорқыныш емес, ал досың жоқ болса, міне, осы ең ауыры. Веселин Георгиев
  • Соғысты ушықтыруға қарағанда соғысты болдырмай тастау – ерлік. Мэри Андерсон
  • Жауыңмен достасу – соғысудан шаршағаның мен жеңілістен қорқатыныңды білдіреді. Франсуа де Ларошфуко
  • О, құдай, мені достарымнан құтқаршы, ал жауларымды өзіме қалдыр! Александр Македонский
  • Жауыңды шын жеңгің келсе, құшағыңа ал... Белгісіз автор

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: smlazarevi.ru

А. Құлтай