Тауешкі белгісінде туған адамдардың мінезі қандай?

Тауешкі белгісінде туған адамдардың мінезі қандай?
Фото: mordovmedia.ru

22 желтоқсан мен 19 қаңтар аралығында дүниеге келгендер Тауешкі белгісіне жатады.

Тауешкі (лат. Capricornus) - Сатурн басқаратын шоқжұлдызы. Бұл жұлдыз белгісі туралы мінезі ауыр, салмақты әрі қырсық деп жиі айтады. Әдетте олардың темпераменті меланхолияға жақын, мінезі ұстамды.Сыртқы салқындық пен эмоциялық тұрғыдан өзін қалыпты ұстау оның ақылға сүйене отырып,  әрекет етуге мүмкіндік береді.

Тауешкілер салқынқандылық пен бірбеткейлігі арқасында көбіне табысты кәсіпкерлер болады. Шыдамдылық, әділеттілікке ұмтылу, қатаңдық, ұтымдылық және еңбекқорлық – тауешкілердің басты белгілері.

Олар жеке өмірлерін көбіне жасырын ұстайды, бірақ ортада өзін ашық ұстайды. Ккиім мен сыртқы келбетке баса назар аударады.

Тауешкілер әдетте қиял-ғажайыптан гөрі, шынайылықты жақсы көреді. Ол өзіне сыни көзбен қарайды, өзінен жоғары нәтиже талап етеді. Өзгелерден де соны көргісі келеді. Көп сөйлемейтіндіктен сырт көзге өзімшіл, тәкәппар ретінде көрінуі әбден мүмкін. Дегенмен олай емес. Олар жомарт әрі таныстыққа әрдайым ашық.

Өзге белгілермен үйлесімі:
Тауешкілер үшін жеке өмірде де, бизнесте де, достықта да ең мінсіз серік Торпақтар саналады. Сонымен қатар Бикештермен де жақсы тіл табысады. Олардың болмыстары ұқсас, талғамдары әдетте бірдей келеді.

Балықтар және шаяндармен де жақсы қарым-қатынас құра алады. Дегенмен балық не шаян белгісіндегі ер адам мен әйел-тауешкі арасында келіспеушіліктер болуы мүмкін.

Арыстан, суқұйғыш және егіздер белгісімен туғандармен араласуы өте қиын. Өйткені олардың шытырманға ұмтылуы, ашушаң мінезі тауешкілердің мазасын әбден қашырады. 

Әйгілі тауешкі белгісімен туған адамдар:
Ерлер: Аристотель, Элвис Пресли, Аристотель Онассис, Энтони Хопкинс, Дэвид Боуи, Мел Гибсон, Николас Кейдж, Адриано Челентано.

Әйелдер: Марлен Дитрих, Дженис Джоплин, Шаде, Ванесса Паради, Кейт Мосс, Сиенна Миллер.

Т. Есқали