Тобыр психологиясы

Тобыр психологиясы

Қандай да бір үлкен жиында адамдар тобы дөрекілік танытып, жарақаттанды дегенді жиі естіп жатамыз. Мамандардың айтуынша, бұған себеп тобыр эффектісінде болатын үрей

Психологтар бір жерде жиналған адамдар тобының санасыз, импульсивті болатынын дәлелдеген. Сол себепті олар ерекше қауіпті.

Адам топқа кіргенде оның индивидуалистік қасиеттері жоғалады. Бұны мына тәжірибеден байқауға болады. Студенттер тобына қағазға салынған сызықтардың ұзындығын салыстыру ұсынылды. Әр студентке басқалардың жауаптары алдын ала көрсетіліп отырды. Тәжірибеге қатысқандардың 75%-ы көпшіліктің жауабын таңдап, қате шешім қабылдады. 

Тобыр эффектісін зерттейтін ғалымдар белгілі бір топтағы адамдардың білімі, өмір тәртібі, мінезі түрлі бола тұра, олар топтың мүлдем басқа мүддесін бірге қолдай алады дейді. 

Психолог мамандар топты жеке бір ағза деп қабылдайды. Бұны жануарлар мен жәндіктер тобынан да байқауға болады. Біркелкі амал-әрекеттер, ортақ мақсат үшін барын салу... Индивидуалдық қасиеттер емес, тек ортақ іс үшін бағытталған әрекеттер ғана сақталады. Топтағы әр адам өзінің "Менін" жоғалтып, ортақ "Біз" үшін ғана әрекет жасайды.

Ал үрей баураған адамдар тобы тіпті қауіпті. Бұндай сәттері индивидуалды қасиеттер жабайы инстинктерге орын береді.

Тобыр үрейін түсініп, қажет жағдайларда алдын алу үшін неміс және венгер мамандары арнайы компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Осы бағдарлама арқылы белгілі бір жерде жиналған адам тобының әрекеттерін модельдеуге болады екен. Ол үшін болатын адам санын, жердің аумағын, қозғалыс жылдамдығын білу қажет.

Осындай модельдеу болашақта ғимараттарды соғу кезінде-ақ қолданылып, келешек ғимараттар осындай жағдайларға икемделіп жасалынады деп жоспарлануда. Нәтижесінде төтенше жағдай кезінде адамдар бірін-бірі таптап кетпей, талай қазадан аман қалуға болады дейді мамандар. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А