Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Нағыз жігіт болу – самурайдың жолы

Нағыз жігіт болу – самурайдың жолы

Нағыз жігіт болу – самурайдың жолы

Нағыз ер жігіт болу туралы ақыл-кеңес іздесеңіз интернет бетінен ұшан-теңіз ұсыныс таба аласыз. Ал Ямамото Цунэтомоның «Хагакурэ» атты кітабы бұл мәселеге өзгеше ракурстан қарауға итермелейді. Кітап бусидо жауынгерлерінің ар-намыс кодексі туралы. Ержүрек болу үшін, автордың ойынша, біз өткен тарихымызға оралуымыз тиіс екен.

FURFUR басылым қызметкерлері XVII–XVIII  ғасырлар аралығында ғұмыр кешкен даңқты самурайдың өміріне дендеп зерттеген. Автор кітабында ар-намыс кодекстерін негізгі төрт бөлікке бөліп қарастырған.

Самурайлар өсиеті

Самурай жолында өзіңнен өзге біреулердің мықты болуына мүмкіндік берме.

Өзіңе әрқашан да пайдалы бол.

Ата-анаңның алдындағы, балаңның алдындағы парызыңды ұмытпа.

Адамдарға көмектес. Шын ниет білдір.

  
  

Қоғамдағы ережелер

Әңгімелесушіңе пікіріңді айтудан бұрын ол оны қабылдай алатынына көзіңді жеткіз.

Адамдар алдында есінеуге болмайды. Сенімсіз сөйлеу – санасыздық.

Қолды хакамаға (біздің түснікте қалтаға А.Қ.) салып жүру дұрыс емес.        

Хат жазу мәдениеті бойынша, хатқа тек хатпен ғана жауап беру керек.

Қателік жасалса, бірден түзеу керек. Дер кезінде түзелген қателік тез ұмытылады.

Мас күйде қылышқа жармасу ақылсыздық қана емес, қорқақтық!

Ажалың келіп тұрса да қорқақ болмай, бәріне де дайын болу керек. Келбет-қалпыңның да әдемі болуы заңдылық. Жауларың сені мазақ етуі мүмкін екенін біл.

Самурай сакэны (арақты) көп ішпеу керек. Асқан тәкаппарлық пен тым дәулетті болмауы тиіс.

Біле тұрып сұрау тәрбиелілік, ал білмей тұрып сұрау қажеттілік.

  
  

Өмірге деген көзқарас.

Өмір бойыңда оқы. Күн сайын жаңашыл болуға тырысып бақ. Кешегі күннен өзгеше болуға тырыс. Адам дамып-жетілуінің шегі жоқ.

Бөтен салт-дәстүрге еліктеу – қателік.

Самурай жолы – өлімге деген құштарлық. Мұндай адам он адамнан да күшті болмақ.

Сәтсіздіктер мен қиындықтарға кездескенде оны елемеу аздық болады. Қиындықта батылдықпен, қуанышпен алға қарай жүру керек.

Ауру-сырқаулар мен басқа да бақытсыздықтар біздің оларға деген көзқарасымызға байланысты болады.

Бүгінімен өмір сүрмейтін адам – құнсыз.

Өмір бір ғана сәттен тұрады, сондықтан да жылдам әрі нақты өмір сүре білу керек. Бастысы үлгеру.

Егер адам өз денесімен санасын басқара алмаса жауын ешқашан да жеңе алмайды.

Бір күннің ішінде аяқталатын іске ғана кірісу керек. Ертең де құзіретте бір ғана күн болады.

  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rambler.ru

1068 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 23 қаңтар 2013, 22:22
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2013, 11:21

Тамаша!

+0
24 қаңтар 2013, 11:26

Керемет сөздер! Астарлы, мағыналы.

+0
24 қаңтар 2013, 11:26

Керемет, самурайлар туралы киноның көбін көрдім. Ұстанымдары, түсініктері ұнайды

+0
24 қаңтар 2013, 11:42

Бөтен салт-дәстүрге еліктеу – қателік. :ugeek:

+0
24 қаңтар 2013, 11:44

Бүгінімен өмір сүрмейтін адам – құнсыз.

+0
24 қаңтар 2013, 11:54

Керемет! Келісемін

+0
24 қаңтар 2013, 12:27

Бөтен салт-дәстүрге еліктеу – қателік. Қазіргі уақыттың басты проблемасы

+0
24 қаңтар 2013, 12:41

Бұл еліктеу емес, жақсысын алсын, керек емесін тастасын деген ниет. Өнеге алу содан басталмай ма.

+0
24 қаңтар 2013, 12:51

тап солай!

+0
24 қаңтар 2013, 12:52

Тамаша!

+0
24 қаңтар 2013, 13:32

Жаны мен қаны келісім тапқан ұлт қой жапон деген.

+0
24 қаңтар 2013, 19:11

Бөтен салт-дәстүрге еліктеу – қателік. )))

+0
24 қаңтар 2013, 19:15

Қазір самулайдың заманы өткен.Самурайдың тағдыры кинода ғана әдемі әдемі көрінеді.Ол көркем туынды адамды қызықтырып ақша табу.Қазіргі голивудтың туындылары өмірден өте көп алшақтап кетті.Киноның тәрбиелік жағынан гөрі адамды қызықтырып ақша табу жағын ойлайды.Қазір ондай киноларды ұнатпатын болдып.Таза үлкендерге арналған ертегі.

+0
13 тамыз 2013, 18:29

Мас күйде қылышқа жармасу ақылсыздық қана емес, қорқақтық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...