Жақсы өмір сүруге кедергі келтіретін 40 әдет

Жақсы өмір сүруге кедергі келтіретін 40 әдет
Фото: envato.com

Атақты адамдардың көбі жетістікке талмай еңбек ету мен тәртіп арқылы жетті. Кейде кей әдет адамның дамуын баяулатуы мүмкін. Ол әдет біз бен сізге жақсы таныс. Егер өміріңіздің жақсы жаққа өзгергенін қаласаңыз, онда мына әдеттерді басқаға алмастырыңыз:

- Күйзеліс жағдайын елемек.
- Алдағы күнге жоспарсыз ояну.
- Істің өзіне емес, нәтижесіне ғана назар аудару.
- Қаламаса да "иә" деу.
- Ұйқыдан ояна салып қолға телефон алу.
- Көбірек жұмыс істеп, бірақ бірдей нәтиже алу.
- Жағымсыз әсер ететін адамдармен уақыт өткізу.
- Тым көп мақсат қою.
- Өзінің сәтсіздігіне өзгені кінәлау.
- Өзін және өз өмірін өзгертуден бас тарту.
- Өткен жетістіктері мен сәтсіздіктеріне көп көңіл бөлу.
- Ешнәрсе істемей үлкен жетістік күту.
- Жетістікке жетудің оңай жолын іздеу.
- Қалағанын істеудің орнына, тәуекелге бармау.
- Әсер ете алмайтын нәрсенің бәрін басқаруға тырысу.
- Қиындықпен күрескісі келмей, бәрін орта жолдан тастау.
- Іс-әрекеті неге алып келетінін ой жиегінен өткізбеу.
- Өзіне ұнамайтын адамдардың көңіліне шығу үшін шешім қабылдау.
- Спортпен айналыспау.
- Өзінің дағдыларын дамытпау және жаңа нәрсе үйренбеу.
- Болашақ туралы жиі іздеу.
- Керексіз заттар алу.
- Нәтижесіз нәрсеге уақыт жұмсау.
- Мақсатқа таныстар, туыстар арқылы жетуге тырысу
- Өмірдегі өзгерістерге қарағанда тұрақтылықты жоғару қою.
- Істі кейінге қалдыру.
- Жауапкершілік  алудан қащу
- Демалысқа уақыт арнамау.
- Ұзақ жұмыс кезінде демалмау.
- Кітап оқымау.
- Бір істі аяғына дейін жеткізудің орнына, бірнеше іспен айналысу.
- Өткенмен не болашақпен өмір сүру, бүгінді елемеу.
- Өзгелерден рұқсат күту.
- Көреалмаушылық сезімімен өмір сүру.
- Тым көп арыз айту.
- Тым ұзақ уақыт бойына кофе тұтыну.
- Телефонда ұзақ отыру.
- Жақын адамдарды бағаламау. 
- Өзгелерді өсектейтін адаммен жиі уақыт өткізу.
- Өзгелерді сынау, мін тағу, өзіне сынды қабылдамау.

Т. Есқали