Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тура жолдан тая бастаған баланың белгілері

Тура жолдан тая бастаған баланың белгілері

Тура жолдан тая бастаған баланың белгілері

Ұрпақ тәрбиесі – болашақ ұлт тәрбиесі. Ата-аналар үнемі бауыр еті баласының оқу нәтижесі, киім-киісі, үйдегі сыйластығы жайлы ойлағанымен, баланың ішкі психологиясына дендеп ене алмайды. Тәрбие жүректен басталуы керек. Балаңыз өзгеріп бара жатыр ма? Ендеше ол жөнінде оның тұла бойына, іс-қимылына зер салыңыз. Сосын ғана тәрбие жұмысын бастағаныңыз абзал.

Жапонның әйгілі балалар психологиясының маманы, профессор Шы Чуан мырза тура жолдан тая бастаған балалардың төмендегідей 19 түрлі белгісін ортаға қойған:

  1. Сумка асынған бейнесі оқушыға ұқсамайды.
  2. Шашын ерекше көзге түсетін үлгіде жасатады.
  3. Достық қарым-қатынасы қалыпсыз болып, достарымен үнемі есік алдында ұзақ сөйлеседі.
  4. Достарынан мезгілсіз уақытта телефон келеді. Әрі осы үдеріс жиілей береді. Телефондағы қарсы жаққа қайтаратын жауабы қалыпсыз әрі келте болады. Телефон қабылдай салысымен сыртқа шыға жөнеледі немесе дауысын басқаларға естіртпеуге тырысады.
  5. Сабақтан түскен соң түрлі сылтаумен үйге кешігіп келеді, барған жерін айтпайды немесе өтірік айтады, ол көзінен байқалып тұрады.
  6. Бөлмесінде үнемі жалғыз отырады. Сабақ оқығандай болып көрінгенімен, нәтижесі қашанда төмен болады.
  7. Темекі, сіріңке секілді нәрселерді алып жүреді. Немесе жанына жеңіл қару алып жүреді.
  8. Жаңа сатып алған қағаз-қаламын күтіп ұстамайды. Үнемі қайдан алғаны белгісіз жаңа дүниелер ұстап жүреді.
  9. Оқу нәтижесі күрт төмендейді. Оқудан қашады.
  10. Үнемі өтірік айтады. Мақтау сүйеді, дөрекі сөйлейді немесе сөзі күңгірттеу болады.
  11. Сырт көзге біртүрлі киімдер киінетін болады.
  12. Ақшасы кенет көбейіп, қайдан келгені белгісіз ақшалары болады.
  13. Үйден безгіш келеді.
  14. Кірпияз немесе тамақты қомағайлана ішеді.
  15. Ата-ананың алдында өтірік елпек қағады, орынсыз сөз таластырады.
  16. Әке-шешесі сөйлегенде бетіне тура қарай алмайды. Сонымен бірге үлкен адамдардан үнемі тайсақтап, оларға ұрлана қарайды. Жайраңдап ашылмайды.
  17. Емтихан қағазын үйіне әкелмейді. Емтихан уақытын ата-анасына айтпайды.
  18. Ата-анасымен бірге отырып теледидар көрмейді. Отбасында жалғыздыққа бой алдыра бастайды.
  19. Ата-ананың сұраған сұрақтарына тым келте жауап береді. Ата-ананың қасында байыздап отыра алмайды. Әлдебір кінәсі бар адамдай қашқақтап жүреді.

Қысқасы, баланың ең алғашқы ұстазы ата-анасы, бала көңіліндегі түйткіл ата-ананың көзқарасынан қашып құтыла алмайды. Дер кезінде байқап, дер кезінде түсінісіп отырған жөн. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: education.tamu.edu

3003 9
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 02:38
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 10:08

ең бастысы, баланың ортасы жақсы болуы керек. Ата-ананың үлкен рөл ойнайтыны тағы бар.

+0
16 қаңтар 2013, 10:15

тығылып қалдым ғой, мынаны оқып)

+0
16 қаңтар 2013, 10:29

көпшілігі жай ғана есейгендіктің белгісіне келеді екен

+0
16 қаңтар 2013, 10:29

Қазақ жұртына өте керек дүние. Біз әсіресе осы бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлмейтін халықпыз ғой.

+0
16 қаңтар 2013, 11:43

Жасөспірім шақтағы баланың белгілері сияқты. Бірақ еркіне жіберсең, өзіңмен салғаласып шығатыны тағы бар. :?

+0
16 қаңтар 2013, 12:09

"Темекі, сіріңке секілді нәрселерді алып жүреді. Немесе жанына жеңіл қару алып жүреді" Соған жетсе біткені ғой бәрінің.

+0
16 қаңтар 2013, 12:21

Кез келген жасөспірімнің алдынан шығатын дүниелер. Тәрбие, санасы ғана аман сақтай алады.

+0
16 қаңтар 2013, 14:14

"Балаңыз өзгеріп бара жатыр ма? Ендеше ол жөнінде оның тұла бойына, іс-қимылына зер салыңыз. Сосын ғана тәрбие жұмысын бастағаныңыз абзал"- №1 Адам айтқан: "Баланы дүниге келмей тұрып тәрбилелу керек"-деп. медицина бала жатыр жатқанда анасының айтқанын еститінін,түсінетінін дәлелдеген. Баланы іште жатқанда дұрыс тәрбиелесе, кейін опық жемейтін болады. Жапондықтар біздің ата-әжемізге жете алмайтынына сенемін...

+0
16 қаңтар 2013, 22:31

Ер жігіт тәрбиелеу қиын ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...