Неліктен адамдар жаздың соңында мұңаяды?

Мектепте немесе университетте оқитын көпшілік адам жаздың соңында мұңаяды. Ұзақ каникулдан соң сабаққа оралғымыз келмейтін. Бірақ ересектерде де жаздың соңында мұңаяға себеп аз емес.

Жылдың көп бөлігінің артта қалғанын ұғыну

Жаздың соңында жылдың аяқталуына төрт айдай уақыт қалғанын түсінесіз. Көптеген адамда бұл қосымша күйзеліс тудырады. Әсіресе, егер өзіне жаңа жылда берген уәдесін ұстамаған болса немесе оны орындап үлгермей жатса, көңілі түседі. Оған қоса, көптеген адам жаздың басында сол мерзімге біраз нәрсені жоспарлап қояды. Олар жаңа әуестер тапқысы, көбірек саяхаттағысы және позитив эмоциялар алғысы келеді. Бірақ жаз тез бітіп қалады.

Жағымсыз эмоциялар күту

Кей адамдарда жылдың нақты уақытында маусымдық аффектілік бұзылыс пайда болады. Бұл сыртқы факторларға тәуелді емес депрессиялық жағдай. Күзде осындай жағдайға жиі ұшырайтын адамдар осы маусым алдында мазасыздана бастайды.

Күн тәртібі мен кестесіндегі өзгерістер

Бұл балалары бар адамдарда жиі болатын себеп. Өмір мектепке жиналарда және басқа да осындай проблемаларды шешу кезінде нағыз хаосқа айналып кетеді. Осындай өзгерістердің болатынын білу көңілді түсіртуі мүмкін.

Мұндай кезде не істеу керек? Әрине, жаздың аяқталғаны көңіліңізді түсіреді, бірақ хандраға түсудің қажеті жоқ. Ол үшін мына әдістерге мән беріңіз.

Айналаңызды ретке келтіріңіз

Күздің салқын күндеріне алдын ала дайындалыңыз. Мысалы, гардеробыңызға не жетіспейтінін қарап, салқын күндерге арналған киімдерді алып қойыңыз. Рационыңызға қосатын күзгі рецепттер тізімін құрып қойыңыз. Жалпы үйге толық тазалау жұмысын жүргізіп, интерьерге өзгерістер енгізіңіз. Барлығын ретке келтіру жағымсыз эмоциялармен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ одан соң біраз нәрсе бақылауыңызда болады.

Басқалармен көбірек араласыңыз

Мұңайған кезде ешкіммен араласпай, үйде отыруға бейім болсаңыз, бұл әдеттен арылуға кеңес береміз. Үйден шығу және достарыңмен араласу қосымша күш талап еткенімен, нәтижесі оған тұрарлық. Тіпті, құрбыңызға телефон шалудың өзі қайғылы ойлардан арылуға көмектеседі.

Жиі ән тыңдаңыз

Музыка мазасыздықпен күресуге және көңіл күйді жақсартуға көмектеседі. Көңіл күйді жақсарту үшін көңілді әндерден тұратын плейлист қажет.

Сізге рахат әкелетін нәрсені іздеңіз

Мұңайғанда ләззат сыйлайтын ұсақ-түйектер жайлы ұмытып кету оңай. Бірақ оларды ұмытпау және жаңа әсерлер іздеу маңызды.