Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ескі уайымнан құтылыңыз...

Ескі уайымнан құтылыңыз...

Ескі уайымнан құтылыңыз...

Әлдекімге, әлдеқандай ісі үшін ренжігеніңіз, кейін хабар үзген жағдайыңыз болған шығар. Адам миы керексіз уайым-қайғыны бір-ақ сәтте ұмыта салатын кәдуілгі флэшка емес...

Десек те, Шотландиядағы Сент-Эндрюс университетінің зерттеушілері адам санасынан керексіз естеліктерді өшіріп тастау жолын тапты. Олар өз зерттеуімен адам психикасын жақсарту ісінде үлкен қадам жасағандарына сенімді.

Адам өмірінде қайғылы, стресстік жағдай болған соң оны ұмыту уақыт өткен сайын ауырлайтыны белгілі болған. Жол апаты, төбелес жағдайы, зорлық-зомбылық немесе қарапайым ұрыстан соң адам санасы әлсірей түседі екен. Бұл жағдайлар адамның әрменгі өмірінде үздіксіз еске түсіп, ықпалын көрсетіп отырады.

Бірақ шотландиялық ғалымдар бұл жағдайды жақсы нәтижеге бұруға болатынын дәлелдеді. Олар адам санасын жақсылық пен қалыпты өмірге бұруға болатынын айтып, біршама жаттығу ұсынып отыр. Адам өткен өмірін ешқашан да ұмытпайды екен. Десек те, еске сақтау қабілеті мен сананы жаттықтыруға болады-мыс. Зерттеушілер ерікті түрде сынаққа қатысушылардың әртүрлі зат немесе жағдаяттарға байланысты ойын жеткізуін сұраған. Мәселен, қатысушылардың «театр», «барбекю», «табиғат» деген секілді ұғымдарға жауап беру кезінде қандай эмоционалдық жағдайда болатыны зерттеушілердің негізгі нысаны болған. Бұдан кейін мысалға алынған сөздерге байланысты қандай ассоцияциялық сөз ойға келетінін сұраған.

Зерттеудің келесі бөлігінде мысалға берілген сөз бен оған қатысты сөздердің не үшін ойға бірінші келгендігін, қандай себептер болғындығын еске түсіруін өтінген. Бұдан кейін қатысушылар өткен өмірінде болған жағдайлардың неден туындағанын, қалай болғанын айтып болған соң алғашқы жағымсыз ойлары өзгере түскен болып шықты. Таяу арада ғалымдар өз жетістіктерін практикаға енгізбек.

Ендігі кезекте өміріңізді ауыр, қайғылы, келеңсіз жағдайларды ұмытуыңыз үшін бірқатар кеңес ұсынамыз...

  1. Ойыңызды сан-саққа әкететін, риторикалық сұрақтарға жауап іздеу әдетіңізден құтылыңыз. Өткеннің елесін көз алдыңызға әкеле бермеңіз. Өткен күнді әрбір саналы адам қайтара алмайтынын біледі, мұны да ескеру керек. Қазақта «өзімен кетсін» деген сөз бар, өзімен кетсін дей біліңіз.
  2. Өмірдің қалтарыс-бұлтарыс кезеңдері қайта айналып келе берсе, бұл сізге үлкен сабақ болғанын, ендігіде мұндай қателік жібермеуге мүмкіндігіңіздің барын біліңіз.
  3. Міндетті түрде психолог маманмен сөйлесіңіз. Білікті маман әрқандай мысалдар келтіре отырып, түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізе алады. Оның жұмысына күмәнмен барған адамдардың 80 пайызы бір ғана консультациялық кеңестен соң толықтай айығып кетеді екен.
  4. Жағдайды қиындатуға емес, керісінше, уайымды барынша қарапайым ете білуге талпыну керек. Мұның барлығы да тағдырдың қолында екенін ұмытпаңыз, өткенді ойлай беру арқылы сіз жағдайды ушықтырасыз. Мұнда да сізге «Сүлейменнің жүзігі» көмекке келеді. «Бәрі де өтеді, бұл да өтеді».
  5. Достармен көңілді тақырыпта әңгіме-дүкен құрыңыз.
  6. Адреналин – адам эмоциясын түбегейлі өзгерте алатынын біліңіз.
  7. Кішкентай балақайлармен қызықты тақырыптарда сөйлесіңіз.
  8. Өмірді түрлі-түсті бояуымен көре біліңіз.
  9. Үй жиһаздарын ауыстыру да нәтижесіз іс емес.
  10. Көңілді ән тыңдап, концерттерге барыңыз. Мұнда сіз шығармашылық арқылы күйбең тіршіліктің аясынан шыға аласыз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: alimero.ru

2974 7
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 12:37
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 12:55

Ееее, мен кәдімгідей "Өшіру" батырмасын басып өшіріп тастайды екен десемші. )) Жақсы амалдар екен.

+0
14 қаңтар 2013, 13:28

Рахмет Ардақ! Ішінде өзіме керегін алдым! ;)

+0
14 қаңтар 2013, 13:42

Керек кезде жақсы кеңес. Психологқа жүгінетін қаракөздеріміз аз болар.

+0
14 қаңтар 2013, 14:11

Қайдам, Қазекең психологқа өлсе де бармас :mrgreen:

+0
14 қаңтар 2013, 14:31

шынымды айтсам, психологқа барғым келеді кейде. мені ңүтіп отырған сияқты :D

+0
14 қаңтар 2013, 16:11

Көп ойламау керек

+0
14 қаңтар 2013, 17:48

жаксы айтылган)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...