Ғылыми дәлелденген: Осы сөзді көп айтатын жұп бақытты

Ғылыми дәлелденген: Осы сөзді көп айтатын жұп бақытты
Фото: Dan Kitwood / Getty Images

Егер сіз ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болсаңыз, бірнеше жылдан кейін сіз және сіздің серіктесіңіз екі бөлек тұлғадан гөрі «ұжымдық бірлік» екенін түсіне бастайсыз. Кейбіреулер бұл жерде зиянды тәуелділіктің белгілерін көруі мүмкін. Бірақ соңғы зерттеулерге сәйкес, жұптардың әңгімеде «біз» есімдігін қолдануы серіктестердің бірге шынымен бақытты екенінің ең сенімді белгілерінің бірі атанды.

Калифорния университетінің зерттеушілері «біз», «біздің», «бізге» сияқты сөздердің қолданылуы мен ерлі-зайыптылардың романтикалық қарым-қатынасының күйі арасындағы байланысты анықтады. Психолог Меган Роббинс бастаған топ 5000-нан астам адам қатысқан 30 зерттеуге талдау жасады, Олардың жартысы некедегі жұптар. 5 негізгі фактор ескерілді: серіктестер қанша уақыт бірге; олардың қарым-қатынастағы мінез-құлқы; қатысушылардың психикалық денсаулығы; физикалық денсаулық; қатысушылар күнделікті өздеріне қаншалықты күтім жасайтыны.


Блейк Лайвли Райан Рейнольдс екеуі туралы: «Біз не істесек те, бәрін бірге істейміз» 

Зерттеушілер жұптары туралы сөйлескенде «біз» дегенді жиі қолданатындар барлық санаттар бойынша жоғары ұпай жинап, үйлесімді қарым-қатынасты көрсетеді деген қорытындыға келді. «Түрлі жұптарды аталған тармақтар бойынша талдаудың артықшылығы мынада, осылайша «біз» сөзін қолдану тек бір аспектіге әсер етпейтінін, сонымен қатар тұтас жағдайды жақсартатынын көрсетті», - деп түсіндірді магистрант Александр Каран.


Ханзада Гарри Жаңа Зеландиялықтарға: «Мен, менің әйелім және ішіміздегі кішкене шарана атынан жылы қарсы алғаныңыз үшін Сіздерге алғыс айтамыз. Біз Патшайымның және бүкіл отбасымыздың атынан ризашылығымызды білдіреміз. Біз сіздің қонақжайлылығыңызға және осы тамаша жерді сақтау жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға өте ризамыз»- деді. 

Journal of Social and Personal Relationships журналында жарияланған зерттеу нәтижелері де «біз» сөзін қолдану қарым-қатынасқа оң әсер ететінін көрсетеді. Бұл арада екі ұғым арасындағы себепті байланыс сұрақтары туындайды. «Біз» сөзін жиі қолдану бақытты қарым-қатынастың табиғи белгісі ме? Әлде бұл ғашықтар арасындағы байланысты одан әрі нығайта алатын құрал ғана ма? Қайсысына көбірек келеді?


Джессика Бил Джастин Тимберлейк екеуі туралы: «Біз екеуміз де көп жұмыс істейміз. Біз жұмысымызға байланысты бір-бірімізден алшақ тұрып, әлемнің түкпір-түкпірін кезіп кететін болсақ та, басты принципіміз  ─ адалдық ». 

«Екеуі де болуы мүмкін. Сіз немесе серіктесіңіз айтқан бұл сөздер ойлаудың өзгеруіне, тығыз байланысқа және нәтижесінде сау қарым-қатынасқа әкеледі», - деп түсіндіреді зерттеуші Роббинс.

А. Оралқызы