Жұбыңыздың абьюзер екенін көрсететін 9 белгі

Жұбыңыздың абьюзер екенін көрсететін 9 белгі
Фото: PIXABAY.COM/RU

Абьюзерді анықтау бәрі бірдей қолынан келе бермейді. Кейде мұны түсіну үшін жылдар қажет. Ал эмоционалдық зорлық-зомбылықтың салдары қиындықтар тудырады.

Адамға қарым-қатынастарды басқаруға және оны қажетті бағытқа бұруға мүмкіндік беретін бірқатар манипуляциялық формалар бар. Көбінесе, мұндай адам алдымен сенімге кіреді, өзіне серіктес болады. Ойы жүзеге асқанына көз жеткізгеннен кейін, ол жұбына зиян келтіретін қадамдар жасай бастайды.

Біз сізге мұндайды анықтауға көмектесетінін белгілерді айтамыз.

1. Сіз серіктесіңізді қуантуға тырысасыз.

Адамды ренжітуден қорқу, өзіңіз қалап тұрсаңыз да, оған ұнамайтын нәрсе жасамау, іс-әрекеттің шектелуі, сөзді сүйіктіңе айта салмай, сүзгіден өткізіп, еркіндігін жоғалту. Мұның бәрі абьюзді қарым-қатынастың белгілері. 

2. Газлайтинг

Серіктес сіздің өмірді қабылдауыңызға сынмен қарайды, сіздің ойыңыз дұрыс емес екеніне сендіруге тырысады. Өзіңізді сенімсіз сезіндіру арқылы пікіріңізге қарсы шығады. 

3. Бақылау

Психологиялық зорлық-зомбылық жасаушы жағдайды толығымен бақылап, құрбанының қайда, қалай және кіммен уақыт өткізетінін білгісі келеді. Ол мұндай әрекеттерін қамқорлық сияқты көрсетеді. Бірақ бұл, әрине, олай емес. 

4. Жаман сөздер

Қалжыңдағандай болып жағымсыз, ренжітетін сөздер айту да – қорлаушының тағы бір қасиеті. Есіңізде болсын, әрбір әзілде бір шындық бар. 

5. Кінә

Абьюзер сіздің еш қатысыңыз жоқ болса да, сіз «жасаған істеріңіз» үшін жауапкершілікті алуға мәжбүр етеді. Сізді оның алдында кінәлі сезінуге итермелейтін қылықтар жасайды. 

6. Эмоциялық тербеліс

Шамадан тыс назар салып жүріп, кенеттен алшақтап кетеді. Мұндайда абьюзердің жұбы күйзеліп, жағдайды шешудің жолдарын іздейді және болған оқиғаға өзін кінәлайды. 

7. Жетістікті жоққа шығару

Серіктес сіздің жетістіктеріңізді мойындамайды, оларды елемейді немесе елеусіз деп санайды. Көбінесе сынға алады және әңгіменің бағытын осы тақырыптан басқа нәрсеге ауыстырады. 

8. Жыныстық құмарлықтың жоғалуы

Жағымды эмоциялардың болмауы, елеусіздік сезімі, көңілі қалу. Мұның бәрі абьюздің салдары. Психологиялық қорлық көрген адамда құмарлық болмайды. 

9. Тұрақсыздық

Серіктес сіз жүзеге асыруды армандаған жоспарларды жиі өзгертеді. Зорлық жасаушы мұны тосын сый және басқа бірдеңені сынап көру мүмкіндігі ретінде ұсынады. Бірақ шын мәнінде бұл да бақылаудың бір түрі.

А. Оралқызы