Олар мықты адамдар, өйткені...

Олар біреудің елеусіз қалдырған ісінен нәтиже шығарады. Олар басқа жандар сәтсіздік деп ұққан дүниеден сабақ алады. Олар жүз ойланып барып шешім қабылдайды. Басқа жандар "сәттілік мені қашан тауып келер екен?.." деп күтіп отырғанда, олар соған жетудің жолын қарастырады. Олар өзгелер сияқты қорқады. Бірақ қорқынышты өздеріне билетпейді. Олар ешқашан кінәні өзгеге артпайды. Өзінің барлық ісін өз жауапкершілігіне алады. 

Олар маңайына тек пікірлес жандарды ғана жинайды.  Олар шыншыл: өздеріне "неге оның орнында мен емеспін?" деп сұрақ қояды.  Олар өз өмірлерін қай қырдан көру керек екендігін жақсы біледі және соны жақсартуға білек сыбана кіреседі. Ал мұндай кезде басқа жандар тағдырын талақ етіп, өмірге өкпесін артып отыра береді.  Олар өзгеге еліктемейді, өз жолын іздейді. Өз тұғырын өзі тұрғызғысы келеді. Олардың ұстазы - өмір. Олар оптимистер, сондықтан кез келген дүниеден пайда көреді.  Олар не істеу керек болса, соны аяғына дейін жеткізеді. Тіпті "дәл қазір зауқы соқпай тұрса" да... Олар білекке ғана сенбейді. Олар проблемадан қашпайды. Керісінше оған бетпе-бет келеді. Олар көзін жұмып алып тілек тілемейді. Олар ырымның ырқына көнбейді.  Олар өз эмоцияларын басқара алады. Өйткені олар өз эмоцияларының құлы емес. Олардың өмірлік өз жоспары болады. Олар табыс пен ақшаны, бақыт пен жетістікті шатастырмайды.  Олар өз-өздеріне сенімді.

Олар жомарт және мейірімді. Олар адамдарға көмектескеннен ләззат алады.  Олар үнемі өз қателіктерін мойындауға да, оны түзетуге де әзір тұрады. Олар өз әлсіз тұстарын жақсы біледі.  Олар томаға-тұйық күн кешуден бойын аулақ ұстайды.  Олар керексіз дүниелерге босқа уақыт жұмсамайды.  Олардың біреуге қиянат жасамақ түгілі, алдауға ары жібермейді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: liveinternet.ru, astro-germes.com, facebook.com