Махаббат туралы нақыл сөздер

Махаббат туралы нақыл сөздер
Фото: Unsplash

Махаббат туралы мәңгі әңгіме айтуға болады. Бірі махаббатты күрес деп ойлайды, енді бірі жай ғана қалай бар, солай қабылдайды. Бүгін махаббат жайлы нақыл сөздер топтамасын ұсынамыз.  

Махаббатсыз өмір сүрген жеңілірек, бірақ онсыз мәні жоқ. (Л.Н. Толстой)

Біреуге бір әйел жеткіліксіз. Сондықтан олар бір әйелден, өзгеге секірумен болады. Ал біреуіне бір әйелді сүюге өмір жетпейді.  (Константин Хабенский)

Кәрілік махаббаттан қорғай алмайды, бірақ махаббат кәріліктен оңай қорғайды. (Коко Шанель)

Жауапсыз сүйіспеншіліктің өзара сүйіспеншіліктен айырмасы адасу  мен шындық айырмасы істпетті.(Жорж Санд)

Махаббат жоқшылық пен тіс ауруынан басқаның бәрін жеңеді.(Марина Цветаева)

Сүйіспеншілік салыстыруды тоқтату дегенді білдіреді. (Бернар  Грассе)

Махаббат өледі. Өмірдің ең үлкен трагедиясы – адамдардың өлуі емес, сүюді тоқтату. (С. Моэм)

Әйел қасиетті: сен сүйген әйел одан да қасиетті. (Александр Дюма)

Ақыл-ойды ұштайтын, шығармашылық қиялды оятатын, бізді тазартатын және азат ететін жалғыз нәрсе - махаббат. (Пауло Коэльо)

Махаббатты беру оны алудан әлдеқайда маңызды. (Одри Хепберн)

Келуіңді өтініп деп жазып отырған жоқпын, үнемі күтетінімді ескерту үшін жазып отырмын. (Фредерик Бегбедер)

Ғашық болу — бұл адам кеткенде, сіз бір ай іздеп, содан кейін жіберу. Махаббат — бұл сізге бір айдан кейін кетуге мүмкіндік беріп, кейін шарқ ұрып іздеу. (Александр Цыпкин)

Т. Есқали