Жаңа Жылда жаңа өмір!

Жаңа Жылда жаңа өмір!

Жаңа Жыл - өткен жылға сараптама жүргізіп, түзетуге болатын қателіктерді түзеп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Егер өміріңізді жақсы жаққа өзгерткіңіз келсе, мына ережелерді берік ұстаныңыз. Ең тиімдісі жазып алып, көрінетін жерге іліп қойыңыз:

1. Бос уақытынды теледидар көруге жұмсама. Жалпы ешқашан теледидар көрмеген дұрыс.

2. «Ештеңеге қарамастан алға жылжу керек» деген сөзді жиі естіген шғарсың. Осыны жиі есіңе ал және пайдаңа асыр.

3. Ойыңа бір идея келді ме? Жазып қой.

4. Бір жерге кешігіп бара жатсаң, міндетті түрде кешігетініңді ескерт.

5. Басқалардың арман-мақсаттарында шаруаң болмасын, келеке етіп, күлуші де болма.

6. Сені сатып кеткен адамдарға қайтып барма. Бір рет сатса, екінші рет те сатып кетеді.

7. Ата-анаңмен көбірек уақыт өткізуге тырыс.

8. «Сыпайы тоңбас, қалтырар» дегендей, сыпайылықтан ада болма.

9. Қателіктеріңді мойындап үйрен.

10. Өмірге, әлемге, бәріне шағым айтуды доғар. Сенің шағымың ешкімді қызықтырмайды.

11. Өсек таратпа.

12. Кез келген жағдайды «бұл да өтіп кетеді» деп қабылда.

13. Адаммен қатты ұрсып қалсаң да, жанды жеріне тигізіп сөйлеуге тырыспа. Ол адаммен қайта татуласуың мүмкін, бірақ сол сөздер мәңгі есінде қалады.

14. Шындықты айтуға тырыс, сонда есте сақтау керек мәліметтер азаяды.

15. Әрдайым өзіңді жетілдіріп отыр. Кітап оқы, тілдер үйрен, курстарға қатыс, салауатты өмір салтын ұстан. Өз-өзіңді жақсы көр.

Дайындаған: Анар Мұстафина

Сурет: vk.com

A. Mustafina