Алғашқы кездесуден-ақ адамның сізге сәйкес келмейтінін ұғу жолдары

Алғашқы кездесуден-ақ адамның сізге сәйкес келмейтінін ұғу жолдары
Фото: envato.com

Барлық адам үшін алғашқы кездесу түрлі сезімдерден тұрады: толқу, уайым және қорқыныш. Көбіне адаммен танысқаннан кейін көңіліміз қалып қайтады. Шынайы қарым-қатынасты қаласақ та, бірақ әрдайым өзімізге сәйкес келмейтін адамдармен көп уақыт өткіземіз. Дегенмен, бірінші кездесуде адамның сізге сәйкес келмейтінін түсінудің бірнеше сенімді жолы бар. Ол үшін оның әңгімесі мен мінез-құлқына мән беруді ұмытпаңыз.

1. Өзгелер жайлы жағымсыз пікірлер
Айналасындағы адамдар туралы дөрекілік және жағымсыз пікірлер арқылы адамның қандай екенін білуге болады. Оның сізге қаншалықты мейірімді болғаны маңызды емес. Егер кездесуге бірге барған адамыңыз мейрамханадағы қызметке шағымданса, ақшаны қалдырғысы келмейтінін айтса және даяшыға дөрекі болса, оның өміріндегі барлық адамдарға да солай істейтіні анық. Сіздің де олардан ерекшелінуіңіз екіталай. Егер адам ешкіммен ортақ тіл таба алмаса, мәселе басқаларда емес, адамның өзінде болуы мүмкін.

2.  Бұрынғы сүйіктісің жамандау
Өткен қарым-қатынас тақырыбы алғашқы кездесудің тақырыбы емес. Бірақ бұл тақырыпта әңгіме қозғалып, ол өзінің бұрынғы сүйіктісі жайлы жағымсыз пікір айтып, оны балағаттай бастаса абай болғаныңыз жөн. Өйткені ол өзінің таңдауына деген сыйластығының жоқ екенінен хабар береді. 

3. Тек өзі туралы әңгіме айту
Адам сізбен танысу үшін келді. Сіз ол туралы білгіңіз келеді. Бірақ кездесу барысында монолог жүргізетін адаммен эмоциональды байланыс орнату өте қиын. Танысу пинг-понг ойнына қатты ұқсайды. Біреу сұрақ қояды, екіншісі жауап береді, кейін өзгесі сұрақ қояды.  Сонда ғана екі адам да, бір ортақ нүкте таба алады.

4. Күмәнді қошемет
Кейде басқа адамдар сізге өз пікірін білдіреді. Бірақ сіз қошемет сөз алдыңыз ба әлде сізді мақтай отырып, төмен түсіріп тастады ма, білмей дал боласыз. Әсіресе, алғашқы кездесуде сондай жағдай болса, көңіліңіз түсіп кететінін анық. Сондай  "қошеметтердің"» мысалдары:
- Сіз өз жасыңызға жас көрінесіз.
- Сүйкімді екенсің, бірақ шашыңызды боямасаңыз жақсы болар еді.
- Маған негізі арық қыздар ұнайтын еді, бірақ сен де әдемі екенсің.

5. Телефоннан бас алмау
Егер адам үнемі шұғыл емес қоңырауларға немесе хабарламаларға алаңдаса, онда ол сіздің сезімдеріңізге бей-жай қарайтынының алғашқы белгісі.

Т. Есқали