Концентрацияны күшейту: 5 минутта зейінді арттыру әдісі

Концентрацияны күшейту: 5 минутта зейінді арттыру әдісі
Фото: unsplash.com

Адамның ішкі әлемімен жұмыс жасау маманы Катя Джейкобс зейінді тез арттыруға көмектесетін қарапайым әдісті бөлісті.

Концентрация жасай білу қабілеті - өмірдің барлық саласында сәтті нәтижеге қол жеткізу үшін ең маңызды қасиет. Зейіннің деңгейі төмендегенде, ой шашыраңқы болады, бұл өнімділіктің төмендеуіне, эмоционалды жағдайдың нашарлауына әкеледі, әлеуметтік қатынастарды да бұзуы мүмкін және жалпы өмір сапасына теріс әсер етеді.

Бір жақсысы, бұл туа біткен қасиет емес, сол себепті әркім дамыта алатын және болашағына алаңдаған әр адам дамытуы тиіс дағды. Оны арттыруға медитация көмектеседі.

Мүмкін сіз «медитация» сөзін эзотерикамен байланыстыратын шығарсыз, бірақ іс жүзінде  ол жынысына, жасына, дініне, өмірлік көзқарасына және басқа факторларға қарамастан, психикалық сау кез келген адамға қол жетімді тәуелсіз процесс.

Медитация - бұл белгілі бір процеске немесе нысанға барынша жоғары зейін қою.

Мысалы, дем алу үдерісі немесе шамның жалынына қарап отыру. Басқаша айтқанда, бұл жаттығу барысында біз назарымызды бір нәрсеге шоғырландыруды үйренеміз, барлық қажетсіз ойларды алып тастаймыз. Бүгін біз тыныс алуға назар аударуға тырысамыз, бұл бізге кез келген жерде қол жетімді процесс.

Тыныс алу концентрациясының медитациясы:

Орындыққа немесе еденге ыңғайлы жайғасыңыз. Содан кейін тыныс алу циклдерін 1-ден 10-ға дейін және керісінше осы принцип бойынша санауды бастаңыз:

бір деммен алу, бір дем шығару

екі рет дем алып, екі рет дем шығару

«Он дем шығаруға» келгенде, қарсы бағытта санауды бастаңыз:

он дем алу, он дем шығару

тоғыз дем алу, тоғызын шығару

Асықпаңыз, табиғи түрде дем алыңыз.

Егер сіз бұл жаттығуға күн сайын 5-10 минут бөлсеңіз, жаттығу жасаудағы прогресс бір аптадан кейін байқалады, ал бір айдан кейін сіз кез келген, тапсырмаға назар аудару әлдеқайда жеңілдейтінін байқайсыз.

А. Оралқызы