Риясыз сезім жауапсыз қалмайды

Риясыз сезім жауапсыз қалмайды

Махаббат әлемінде жалғандыққа, сатқындыққа жол жоқ. "Біз бір-бірімізді шын сүйдік, бірақ біз бір бола алмаймыз" деген сөздер адамдардың өз-өздерін алдау үшін, өз-өздерін жұбату үшін ғана айтылады. Анығында, олардың махаббаты шынайы болмаған. Риясыз сезімді кім қиып тастап кетеді дейсіз? 

Шынайы махаббаттың белгілеріне көз жүгіртіңіз. Сіздің сезіміңіз мына шарттарға сәйкес пе?

1. Махаббат сапарына шыққан екі адамның да өмірі мағыналы, мазмұнды, толыққанды және қуанышты бола бастайды.

2. Қызғандыруға ұмтылмайды. Адамдар онсыз да қызғаншақтыққа құмар: өз-өзіне сенімсіздік, кемшіліктер, бәсекелестік. Сондықтан мұндай сезімді әдейі тудырудың қажеті жоғалады.

3. Жақсы көретін адам серігінен сезімін дәлелдеуін сұрамайды. Шынайы махаббат болса, екі адамның бір-біріне деген сезімі бірдей болады.

4. Сүйгенінің мінін өзгерткісі келмейді. Адамды өзгерткіңіз келсе, шындығында сіз оны сүймегеніңіз. Сіз оны өз қалауыңызша, өзіңізге ыңғайлы етіп өзгерткіңіз келсе, сіз тек өзіңізді ғана жақсы көресіз дегеннің белгісі.

5. Махаббат адамды бақытты етуі керек, бірақ таңдаған адамыңыз сізге әрдайым бақыт әкелмеуі мүмкін. Өз-өзіңізді бақытты ету немесе мұңайту өз қолыңызда. Бір-біріңізді "ішім пысты", "әңгіме айт" деген фразалармен жалықтырмаңыздар. Ақылды адам өз-өзімен болғанда да іші пыспайды.

6. Серігіңіздің болжап болмайтын қылықтары жүйкеңізге тиіп, сезімді суытуы мүмкін. Ал керісінше адамның барлық іс қимылы алдын ала белгілі болып тұрса, бұл да зеріктіреді. Ортасын таңдауға тырысыңыз.

7. Әрдайым бақытты болу үшін ақылмен жақсы көріп, мәмілеге келе білу керек. Серігіңіз сіздің бүлігіңізге еш жауап қатпаса, бұл оның әлсіздігін немесе оған бәрібір екенін білдірмейді. Бұл өз-өзін ұстай алатынының белгісі.

8. Есіңізде болсын: ақ мерседестегі ханзадаға тұрмысқа шығу үшін, өзіңіз қызыл поршедегі ханшайым болуыңыз керек. Сіздердің өмірге деген көзқарасыңыз бірдей болғаны дұрыс, әйтпесе бітпейтін даулар ішкі үндестігіңізді бұзып, махаббаттан нәр алуға мүмкіндік бермейді. Бұлай болмаған жағдайда сырттан естілетін түрлі сын, өсектерге қарсы иммунитет қалыптастыру керек.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар