Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Туған күніне қарап таны

Туған күніне қарап таны

Туған күніне қарап таны

Астролог мамандар өмірге жаңа келген сәбидің болашағын, мінезін оның туған күніндегі ауа-райына қарап болжауға болады дегенді жиі айтады. Сіз осыған сенесіз бе? Білмеймін?! Олай болса, біз сіздерге астрологтардың осы тақырып төңірегіндегі тұжырымдарын назарларыңызға ұсынамыз. Сену де, сенбеу де өзіңіздің құзырыңызда!

Туған күніңіздің тәулік мерзімі

Егер адам таңертең дүниеге келген болса, оның өмірі таусылмайтын қыруар шаруаларға толы болады. Ол өзінің маңдай терімен жеткен игіліктерінің арқасында ғана бақытты бола алады.

Түсте, түс қайта дүниеге келгендер өте күшті энергияға ие жандар екен. Олардың өмірлері өзгерістерге толы болып келеді. Және көбіне елдің алдында, көпшілік назарында жүреді. Олар өздерінің қайталанбас дарындарымен ерекшеленіп тұрады.

Кешқұрым уақытта жарық дүние есігін ашқандар өмір ағысына бағынғыш, қиындықтарға төзімді келеді. Ақылды және ақылына бағынғыш адамдардың көпшілігі осы уақытта дүниеге келгендігі дәлелденген. Олар өздеріне бақыт әкелетін өмір жолын еш қателеспестен таңдай алады.

Туған күніңіздегі ауа-райы

Күннің көзі күлімдеп тұрған, аспан шайдай ашық күнде туылған жандар энергияға бай және пысық болады. Олар тамаша мансапқа еш қиындықсыз жете алады. Бірақ, ашуға тез берілгіш болып келетіндіктері тағы бар...

Күн де, бұл та көрініп тұрған кезде дүниеге келген пенделер өмір бойы өздерінің жеке бақытын іздеумен өтеді.

Жаңбырлы күнде туылғандар ақша мәселесінен қиындықтар көрмейді. Бала кезінде жақсы тәрбиеленген болса, ғұмырында үлкен жетістіктерге жетіп, жақсы қызмет жасай алады.

Қар жауып тұрған күнде дүниеге келгендер жойқын күш пен керемет ақылға ие жандардың алдыңғы қатарынан орын алады.

Найзағай ойнап тұрған сәтте дүниеге келгендер ешкімнің ішін пыстырмайды, олармен сөйлескен сайын жан дүниесіне үңіле бергіңіз келіп тұрады. Алайда, олардың көпшілігі бақытсыз болып келеді екен.

Жел соғып тұрған күні жарық дүние есігін ашқандар салқын қанды, мақсатқа тез жеткіш, өз ортасында көшбасшы болуға бейім болып келеді. Бірақ, олар бір жерден екінші жерге орын ауыстырғанда жиі күйзеліске түсіп жатады. Сондай-ақ бұл жандардың есте сақтау қабілеті өте жақсы болады.

Астрологтардың пайымдауларына нанған болсаңыз, ұялы телефоныңызды алып, анаңыздың нөмірін тере беріңіз...

Суреттер:insearchofafairytaleending.blogspot.com,chmag.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

20319 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 қараша 2012, 14:15
Пікірлер
+0
29 қараша 2012, 15:08

бүгін дүниеге келгендер жойқын күш пен керемет ақылға ие жандардың алдыңғы қатарынан орын алатындар екен :)

+0
29 қараша 2012, 15:11

мен туылғанда ауа-райының қандай болғанын білетін сияқтымын)

+0
29 қараша 2012, 15:31

ал боранда тугандар?

+0
03 желтоқсан 2012, 01:39

мен де боранды күні туған екенмін, кейде мінезімнің алай дүлей болып кететіні содан шығар)))))

+0
29 қараша 2012, 15:40

Менікі тура айтылған

+0
29 қараша 2012, 15:53

:!: :!: :!: Ал түнде туылғандар ше? :D :D :D

+0
29 қараша 2012, 16:12

"Қар жауып тұрған күнде дүниеге келгендер жойқын күш пен керемет ақылға ие жандардың алдыңғы қатарынан орын алады." Бұл енді күдікті :mrgreen: Ақымақ, надан болмасам да, керемет ақылға ие емеспін)))

+0
29 қараша 2012, 17:12

мә өзімді керемет сезініп кеттім ғо :P

+0
30 қараша 2012, 10:16

сұрау керек екен анамнан)

+0
02 желтоқсан 2012, 04:19

Мен қаһарлы боранда туыппын...сонда қалай болады екен?!

+0
12 тамыз 2016, 11:17

4 жыл бұрын жазылған комментарийлпр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...