Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Әкем айтқан алты ақыл
Әкем айтқан алты ақыл

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Әкеме айтып қоймаңыз

Әкеме айтып қоймаңыз

Әкеме айтып қоймаңыз

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен "Мамам қашан қайтып келеді" деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, "Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті" деп құшақтап ұйықтататын.

Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: "Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?" деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.

Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: "Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез "мама" деп шақыра ғой" депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, "мама" деп құшақтай алады.

Кешкі астан соң, әйел қызға ілесіп, оның бөлмесіне кіреді. Екеуі көңілді әңгімелесіп отырғанда қыз: "Сіз менің мамам емессіз" дейді кенеттен. Әйел әрі тосырқап, әрі таңырқап қалды. Сәби қыз шошып қалған әйелдің қолынан ұстап, бәсең үнмен: "Менің мамам қайтыс болған. Мен оны атам мен әжемнің әңгімелерінен біліп алғанмын. Мұны тек атам, мен және әжем үшеуміз ғана білеміз. Әкем мен басқалар білмейді. Олар әлі күнге дейін мамамды тірі, алыс бір жерде жұмыс істеп жүр деп біледі". Жылап жіберуге шақ қалып тұрған әйелдің құлағына сыбырлап: "Бұл екеуміздің ортамыздағы сыр болсын. Әкеме айтып қоймаңыз. Ол білсе, сөзсіз азаптанып, жылайды" дейді жаңа тапқан "анасын" құшақтап.

Бұл сәтте есік сыртында үнсіз тыңдап тұрған әкенің көз жасы көл болған еді. 

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: baidu.com

1506 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 28 қараша 2012, 15:06
Пікірлер
+0
28 қараша 2012, 15:39

Өкінішті... :cry:

+0
28 қараша 2012, 15:40

Аянышты. Сәби көңілі әкесін ойлап отыр ғой

+0
28 қараша 2012, 15:46

Ешкімнің басына бермесін. Балалардың жетім өскені қандай жаман?!

+0
28 қараша 2012, 15:52

Түсінігі сол ананың жолыққанына шүкір. Айта жүретін екен :)

+0
28 қараша 2012, 18:10

:cry: :cry: :cry:

+0
28 қараша 2012, 23:05

әсерлі екен. жүректі ауыртты ғой мына қыз

+0
28 қараша 2012, 23:21

:cry: :cry: :cry:

+0
28 қараша 2012, 23:27

Қызықты детальдарды қайдан, қалай тауып алатыныңды білмеймін, әйтеуір керемет

+0
29 қараша 2012, 08:32

Айтарға сөз жоқ. Бірақ бұл өмір заңы!!!

+0
29 қараша 2012, 09:55

:cry: өкінішті

+0
30 қараша 2012, 22:46

мына тентек қыз шынымен ақылды екен.

+0
30 қараша 2012, 22:49

:( :( :( :( :( :( :( :( :( :( :( :( :( :(

+0
30 қараша 2012, 23:31

Әкеме айтып қоймаңыз :(

+0
30 қараша 2012, 23:52

шағын да татымды осындай дүниелер көбейе берсін.

+0
03 желтоқсан 2012, 01:34

:cry: :cry: :cry:

+0
05 желтоқсан 2012, 16:51

Құдай-ай, қатты сезімтал боп кеттім, көңілім бос, кез келген нәрсеге жылай берем.

+0
07 желтоқсан 2012, 22:56

:( :( :( :( :( :( :( my god

+0
09 желтоқсан 2012, 21:21

қазақ әдебиетін де шығыпты.

+0
09 желтоқсан 2012, 21:22

тамаша екен. осындай шагын ангімелер бізде жогалып кетіп еді.

+0
09 желтоқсан 2012, 22:01

:( :cry: ...

+0
09 желтоқсан 2012, 22:50

:cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...