Оптимист адамдар неліктен ұзақ жасайды?

Оптимист адамдар неліктен ұзақ жасайды?

АҚШ-та жасалған зерттеу нәтижесінде пессимисттерге қарағанда оптимисттердің ұзағырақ өмір сүретіні анықталды. Зерттеу деректері 1976 жылдан бастау алатын және 71173 адамның өміріне оптимизм мен пессимизмнің әсерін зерттеген ғалымдар – оптимисттердің 85 жастан артық өмір сүру ықтималы жоғары екенін айтады. Мұны – отимисттердің жақсы ойлауы, сезімдерін оңай реттей алуы және стрестің кері әсерлерінен қорғана алатындығымен байланыстырады. Зерттеуде адамдардың жалпы денсаулығымен қатар өмірге деген көзқарасы, оптимистік не пессимистік деңгейі қарастырылды. Дене жаттығуы, қоректену дағдылары және темекі, спиртті ішімдік қолданулары да есепке алынды. Оптимистік, яғни жақсы ойлау деңгейі төмендер мен жақсы ойлау деңгейі жоғары ерлер мен әйелдерді салыстыра келе, оптимистік көзқарасы жоғарылардың 10-15 пайызға ұзағырақ өмір сүретіндігі және 85 жастан асу ықтималдығы жоғары болатындығы байқалған.

Зерттеу жүргізген Бостон университеті Медицина факультеті психология саласының доценті Левина Ли (Lewina Lee): "Ашқан жаңалығымыз позитивті ойлау деңгейін арттыру адамның ұзақ жасау және салауатты өмір сүруіне ықпал ететіндігін көрсетуде" деп мәлімдеді. Сондай-ақ барлық нәрсенің, іс, тұрмыс-тіршіліктің дұрыс жүріп жатқандығын ойлау және танымдық-амалдық терапия секілді сыртқы әсерлер арқылы оптимистік көзқарасты артыруға болатынын айтқан доцент Ли: "Зерттеулер оптимист адамдардың алдына қойған мақсатына жете алатындығына сенімі мол болатындығын, келеңсіздіктерді шешуде өте пәрменді болатындығын, ал стресті жағдайларда сезімдерін оңай реттей алатындығын көрсетуде" дейді. Бристоль университетінен Брюс Худ бұл: "Оптимисттердің күйзелісті оңай жеңе алуы және негативті жағдайларды жадында ұстамауының салдары" деп түсіндіреді.

дереккөз:bilim-all.kz/

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?