Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Балаға жағымсыз жаңалықты қалай айту керек?

Балаға жағымсыз жаңалықты қалай айту керек?

Балаға жағымсыз жаңалықты қалай айту керек?

Ересек адамға қарағанда, балаға нашар жаңалықты жеткізу әлдеқайда қиын. Әсіресе, жақын жандардың өлімі немесе сүйікті итінің жоғалып кеткенін бала оңайлықпен мойындай қоймайды.

• Алдымен, жағымсыз жағдай болғанын айтып, балаңызбен бұл туралы сөйлескіңіз келетінін ескертіңіз. Бала өзін ыңғайлы әрі қауіпсіз сезінетін ортаға апарыңыз: не қонақ бөлмесі, не саябақ. Балалар бөлмесінде айтудың қажеті жоқ. Өйткені, бала санасында жағымсыз жайт оның бөлмесімен астасып қалып қояды. 

• Сіз өзіңіздің мәселені талқылауға және қолдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Сондықтан қарама-қарсы отырып, қолынан ұстағаныңыз дұрыс. 

• Жағымсыз жаңалықты бірден маңызды бөлімінен бастаңыз. Яғни, нақты нәрсені айтып барып қана, оқиғаның қалай болғанына көшуге болады.

• Оның қандай сезімде екенін абайлап сұраңыз. Оның кез келген сезімі маңызды екенін және оны қолдау үшін жанында екеніңізді көрсетіңіз. 

• Балаға сұрақ қоюға мүмкіндік беріңіз. Барлық нәрсені айтпасаңыз да, шынайы жауап беріңіз. 

• Ол сұрап болғаннан кейін ғана дәл қазір не істегісі келетінін сұраңыз. Барлық адамда күйзеліспен күрес механизмі қалыптасқан. Мүмкін, балаңыз бөлмеде жалғыз қалғысы келетін шығар. Керісінше, отбасымен бірге отырып балмұздақ жесе жақсы болатын шығар. Оған қалай жақсы болатынын өз бетіңізбен шешуге тырыспаңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 02 желтоқсан, 15:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.