Жолдасыңыздың сырын ешкімге ашпаңыз

Жолдасыңыздың сырын ешкімге ашпаңыз

Өміріңізде болып жатқан оқиғалардан достарыңызды, туыстарыңызды хабардар етудің еш сөгеттігі жоқ. Алайда айтылмайтын тақырыптар да бар. Әсіресе отбасылық өмірге қадам басқан болсаңыз, біраз нәрсені құпия сақтауға, бұрынғыдай емен-жарқын барлығын жайып салмай, әр сөзіңізге абай болып айтуға тура келеді. Себебі бұл тек жеке басыңыздың емес, жолдасыңыздың да сыры.

Өкпе-реніш
Жолдасыңызға ренжіп қалсаңыз, басқаға барып оның қылығын айтып, шағымдануға асықпаңыз, жеке өзіне ғана айтып, оңашада шешіңіз. Басқалар сізге өз күйеуіңізді одан ары жамандап, жаныңызды тек негативке толтырады. Одан ренішіңіз ұлғайып, қарым-қатынасты қалпына келтіру де қиындай түседі. Ал кейін қайта татуласқанда күйеуіңіз сіз құлағдар қылған адамдардың емес, сіздің ғана көңіліңізді табады. Ал жамандаған адамдарыңыз сол пікірінде қалып, оны жек көріп жүреді.

Қаржылық қиындықтар
Қаражат жағынан қиналу тіпті сіз бай деп жүрген адамдардың да басында болуы мүмкін. Ақшаның жетпей жатқанын, айлықтан айлыққа қарап күн көріп отырғаныңызды жыр қылудың пайдасы жоқ. Отбасылық бюджетіңізді де жария қылып, кімнің қанша табатыны, оның қаншасына азық-түлік алып, қаншасын жолға жұмсайтындарыңыз да ешкімге керек емес. Жетпей жатса біреу барын бөліп бермейді, асып-тасып жатса өзгенің күндестігін қоздырып, одан артылам деудің қажеті жоқ.

Бақыт
«Бақыт тыныштықты сүйеді» деген сөзді естіген боларсыз. Сондықтан сізде бәрі жақсы екенін қайта-қайта айтып, басқалардың қызғанышын оятпаңыз. Қазақта тіл-көз деген ұғым да терең сенімге ие.

Жоспар
Алға қойған мақсаттарыңызды, жоспарларыңызды, армандарыңызды да жария қылудың қажеті жоқ. Адамдар сөзіңізге емес, біткен ісіңізге қарап тәнті болатындай жағдай жасаңыз. Ойыңызды барлығына айта берсеңіз, орындалмай қалуы да ықтимал. Көпке күлкі болғанша, орындалмаған ісіңіз ішіңізде қала берсін. Мүмкін, алдағы уақытта қол жеткізесіздер, ал сіз айтқан уақытта жетпеген мақсатыңыздан табалаған көпшіліктің сөзі одан сайын кейін шегіндіре түседі.

Жолдасыңыздың достары туралы пікірі
Қандай жағдай болса да, бұл ақпаратты мемлекеттік құпиядай сақтаңыз. Себебі бұл толассыз өсекке ұласып, нәтижесінде еріңіздің сізге деген сенімсіздігі мен ренішінен өзге түк қалмайды. Әрі оның беделіне де нұқсан келеді.

Аз сөйлеп, көп тыңдайтындар қатарында болсаңыз, ештеңеден ұтылмайсыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін