Сезімді қалай жаңғыртамыз?

Сезімді қалай жаңғыртамыз?
Фото: Аманбол Есимхан

Көп жағдайда еркек пен әйел арасындағы ұзақ қатынас кезінде бір күні бұрынғы романтизм жоғалады. Әсіресе, еркек өзгерісті сезіне бастайды, ал оның жағдайын әйел де түсінеді. Психология ғылымы бойынша мұндай мәселені шешу жолдары бар.

Ер адам сүйіктісіне деген сезімін жоғалта бастауының бірнеше себебі болуы мүмкін.

Біріншіден, өмірлік серігіндегі ер адамға ұнаған қасиеті өзектілігін жоғалтқан болуы мүмкін.
• Егер ер адам оның жастығын ұнатса, кез келген әйелге өтіп жатқан жылдар әсер етпей қоймайды.
• Егер ерекше адамгершілік қасиетін ұнатқан болса, ол шынайы болмай шығып, енді үйде әсіресе, келіспеушілік кездерінде жиі-жиі өзінің шынайы түрін көрсетеді.
• Егер әрқашан күтімді әрі жинақы түрін ұнатса, тұрмыстық жағдайда және өмірлік қиындықтар кезінде ең әдемі әйелдің өзіне әрқашан керемет көңіл күйде болуы және күтімді көрінуі қиынға соғады.

Осы айтылған өзгерістер ер адамның сезіміне әсер етпей қоймайды.

Екіншіден, кей әйелдер өз қызығушылығын еркек талабынан жоғары қояды. Әрине, еркекке мұндай өзгеріс ұнамай, әйеліне деген махаббаты суи бастайды. Себебі, ол әйелдің бұл әрекетін өзімшілдік деп қабылдайды.

Серігіңіздің жүрегіндегі бұрын болған сезімді ояту үшін күш салу керек. Оны өзіңіздегі позитивті өзгерістерден бастауыңыз қажет.

Ер адам махаббатын қалай күшейтеміз?

– Өзіңізге күтім жасап, сыртқы келбетіңізге мән беріп жүріңіз. Әрине, қартаюдан ешқайда қаша алмаймыз. Бірақ сыртқы келбетке күтім жасап жүру кез келген жаста әйелді сымбатты етіп көрсетеді.

– Үйде әрдайым тек таза әрі жарасымды киімде жүріңіз. Ескі футболка, тізесі шыққан шалбар және жыртық шұлықпен жүруді тоқтатыңыз.

– Серігіңіздің намысына тимеңіз. Оған оның анасын, бауырын және досын жамандап, оларды кінәлай бермеңіз.

– Онымен келісімге келіп үйреніңіз, кейде жеңіле де біліңіз. Бірақ өзіңізді кемсітуге жол бермеңіз. Өз қадір-қасиетін қорғамайтын әйелді еркек сыйламайды.

– Қатынасыңызға романтизмді тек ер адам тарапынан күтпей, кейде өзіңіз қосыңыз. Мысалы: ерекше кешкі ас дайындау немесе таза ауада демалып қайтуды ұсыну.

– Күйеуіңізге уақыт таба біліңіз. Бәріне үлгеруді үйреніңіз. Ол жұмыстан келгенде, алдымен оның жағдайы мен денсаулығын сұрап, күні қалай өткенін біліңіз.

– Қандай да бір мәселені шешуде ер адамның ойын тыңдап, бірге ақылдасыңыздар. Оның айтқанына құлақ салмай, тек өз білгеніңізді істей берсеңіз, оның махаббатын тіптен жоғалтып аласыз.

– Қошемет сөздер айтып тұрыңыз. Адамдар қаншалықты ұзақ бірге тұрса, соншалықты бір-біріне жағымды сөздер айтуды азайтады. Себебі, бірінші кезекке тұрмыстық шаруалар шығып, серігінің артықшылықтарына мән бермей, тек кемшіліктерін көре береді. Бірақ болмайтын нәрсе секілді көрінетін қошемет айту сезімді күшейте түседі. Оның артықшылығын көре біліп, мақтау сөздер айтып тұру керек. Сол кезде сізге де сондай жауап болып, оның көзінен бұрынғы жарқындықты байқай бастайсыз.

– Қамқорлық көрсету. Әрдайым серігіңізге қамқорлық көрсете біліңіз және оның алдында әлсіз болудан қорықпаңыз.

А. Жапатова