Қызметте жолы болмайтын адамдардың типтері

Қызметте жолы болмайтын адамдардың типтері
Фото: Егемен Қазақстан

Белгілі экономист Дэвид Деминг 1980 жылдан бері түрлі мамандықтағы адамдардың типтерін зерттеген. Зерттеу соңында қаншама ақылды, білімді адамдардың әлеуметтік дағдыларды меңгермегендігінен қызметте жолы болмайтынын анықтаған. Өйткені әлеуметтік дағды мен сана-сезім эмоционалды интеллекті құрайды дейді. Сонымен қандай адамдардың қызметте жолы болмайды?

Қорқақ

Қорқақ адам өзінің барлық іс-әрекетіне басқаларды кінәлап, өзінің пікірін дәлелдемей, өзгелердікімен келісе салуға дайын тұрады.

Дементор

Дементорлар ызақор, ашулы адамдар. Олар жан-жағындағылардың көңіл-күйін түсіріп, ашуын алады. Олар тек әр нәрсенің жаман жағын ғана көреді.

Тәкаппарлар

Тәкаппарлық – өз-өзіне деген сенімнің жалған түрі. Оның астарында қорқақтық, сенімсіздік жасырынып жатады.

Конформист

Өз пікірінен гөрі топтың пікірін жоғары қоятын адам. Ол көпшілікке қарсылық танытпайды. Солардың ыңғайына жүреді.

Оқшауланған адамдар

Мұндай адамдар өз жауапкершілігін өзгелерге артып қояды.

Қызуқанды адам

Кейбір адамдар өздерінің эмоцияларын қадағалай алмайды. Олар осылайша айналасындағы адамдарды ренжітеді.

Құрбандық

Өзін құрбандық етіп көрсететін адамдар өздеріне жауапкершілік алудан қашады.

Сенгіш

Сенгіш адамдар әркімнің қолшоқпарына оп-оңай айналып кетеді.

Кешірім сұрағыш адамдар

Ұсақ-түйекке жиі кешірім сұрайтын адамдар сәтсіздіктен қорқады. Әркімнің көңіліне бір қарап тұрады.  

 Дереккөз: reactor.inform.kz

Н. Үсенова